Войти

Табысты трейдер: Думан Ерқанат Америка қор нарығының қыр-сырын қалай меңгерді

Табысты трейдер: Думан Ерқанат Америка қор нарығының қыр-сырын қалай меңгерді

15 декабря 2021 Бұл туралы жас кәсіпкер, трейдер әрі инвестор Думан Ерқанат Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтады Думан Ерқанат Думан Ерқанат

Думан, Америкаға қай кезде аттандыңыз? Қай қалада тұрдыңыз, қайда білім алдыңыз? Оқу ақысы қандай болды?

- АҚШ-қа арман қуып барып, онда 8 жылдай тұрдым. Алғаш барғандағы мақсатым- сапалы білім алу болды. Себебі, білім – мәңгілік капитал. Білім – адамды асырайтын күш. Мен Колорадо штатының Денвер қаласында тұрдым. Ондағы оқу орындарын жан-жақты зерттедім. Нәтижесінде National American University-ға MBA-ға (Іскерлік басқару магистрі - авт.) құжат тапсырып, оқуға түстім. Дегенмен, АҚШ-та білім алу арзан емес. Өте қымбат. Алғаш 1 семестр үшін $5000-$8000 төлейтінмін. Онда барғанымда қалтамда небары $300 ғана болды. Америкалық отбасылар балаларының оқуына кішкентай кезінен бастап ақша жинайды. Біздегідей грант жоқ, көбі ақылы. Мен керісінше ата-анамнан мүлдем қаражат алмадым. Бәріне өз күшіммен жеткім келді. Бірақ, АҚШ-қа алғаш келген соң бірден сіңісіп кету қиын болды. Сол себепті оқуымның жарты жылын осында тұратын ағам төлеп берді. Ары қарай біраз жолға түсіп, оң-солды ажыратып алған соң, өзім жұмыс істеуге кірістім. Жарты күн оқысам, жарты күн университеттің кампусында істедім. Одан бөлек, ағамның онлайн бизнесіне көмектесіп жүрдім. Ағам көбіне ақшаны жай бере салмай, еңбекақы етіп бергенді құп көреді. Себебі, еңбекпен тапқан ақшаның берекесі болады. Оның әрбір тиынына дейін есептеп, орнымен жұмсайсыз. «Адамдға балық берме, қармақ бер» деген қағида өте дұрыс айтылған деп есептеймін. Осылайша 6 ай көлемінде әр жерде жұмыс жасап, еңбектеніп қайтарып бердім. Кейінірек біз тұратын Денвердегі компанияда менеджердің ассистенті болды. Бұл импорт, экспортпен айналысатын компания болды және бұл маған үлкен тәжірибе берді.

Сапар Сатаев Лондондағы Халықаралық ғарыш компаниясының басшылық қызметіне қалай тағайындалды Сапар Сатаев Лондондағы Халықаралық ғарыш компаниясының басшылық қызметіне қалай тағайындалды

Ондағы міндетіңз қандай болды, еңбек қалай бағаланды?

- Америкада оқудың соңғы жылында жұмыс істеуге рұқсат береді. Мен соны  пайдаланып, бір жылдай істедім. Ол кезде Колорадо штатындағы ең төменгі ақы  сағатына $9,30 болды. Ал мен сағатына 19$ алдым. Шамамен айына $3000 айлық төленеді. Әрине, жаман емес еді, себебі инфляция 1% шамасында болған. Америка мені қатты тәрбиеледі. Менің істеген компаниям үлкен емес, алайда  айналымы үлкен. Америкада осы секілді 5-6 адамнан құралған шағын  технологиялық компаниялар бар.

Америкада акцияларға инвестиция салып, сауда-саттықпен айналысқан екенсіз.  Қандай биржалармен, қандай компаниялардың құнды қағздарымен жұмыс істедіңіз?

- Негізі бұл салаға кіргеніме 4-5 жылдай болып қалды. Әрине, басында үйренуге бар уақытымды бөлдім. Көптеген курстардан өттім, стратегияларға тест жасадым. Мен өзім Америкада топ болып саналатын сенімді екі брокерді қолданамын. Олар: TD Ameritrade, Interactive Brokers. Үлкен компаниялардың акцияларымен жұмыс істеймін. Мысалы Apple, Tesla, Amazon, Google, Facebook және т.б.

Уолл-стриттегі компанияның бірінде білім алыпсыз. Қор нарығына қатысты білімді осында меңгердіңіз бе? Бұл саланы меңгеру үшін қанша уақыт кетті?    

- Бұл үшін Нью-Йорктағы «SMB Capital» фирмасынан биржа саудасы жайлы білім алдым. Оған 3-6 ай кетті. Әр адамның үйрену қабілеті әр түрлі. Ал жалпы трейдер үнемі оқу үстінде болады. Себебі нарық өзгеріп тұрады. Биржалық сауда командалық жұмыс, бірақ олардың ішінде қазақтардың жоғын байқадым. Кейін әлеуметтік желі арқылы Денвердегі қазақтар қауымдастығы тарапынан қызығушылық пайда болды. Ұсыныстар түсті, көбі үйренгісі келді. Сол сәтте неге қазақша онлайн-курс ашпасқа  деген ой келді. Көп ұзамай  Қырғызстан, Америка, Мексикадан сабақ алам дейтіндер көбейді.  

Тіл мен табыс: Аманбек Мағзұмхан ағылшын тілін қалайша кіріс көзіне айналдырды Тіл мен табыс: Аманбек Мағзұмхан ағылшын тілін қалайша кіріс көзіне айналдырды

Бұл туралы Қазақстанға Моңғолиядан келген қандасымыз, ағылшын тілінің жеңіл... →

Алғаш қанша қаражаттан бастадыңыз? Тәуекел басым болды ма, әлде табыс па? Кірісіңіз қаншалықты еселенді?

- Алғаш 3000$ бастадым. Әрине, тәуекел, қауіп-қатерлер болады. Сауда жасамайтын күндер де болады. Демек тәуекелсіз трэйдинг болуы мүмкін емес. Біз команадамен табысты күндерімізді максималды етіп, табыссыз күндерді минимумға апару үшін жұмыс істейміз. Мұнда жоғары деңгейдегі білімді болудың қажеті жоқ. Мұнда адамның психологиясы көбірек сыналады. Эмоциясын бақылап, бәріне тәртіппен қарайтын болса, табысты трейдер болуға мүмкіндік көп.Алғаш күніне $100-$200 тапсам (Америкада күніне кемі $150-$200 таппасаң шығындарды жабу қиын). Қазіргі уақыттағы позицияларымды $2000-$5000 жобасында жабамын. Әрине бұл жерде тәжірибе маңызды.

Америкада қор нарығының  қатты дамып кеткенін білеміз. Ал жергілікті тұрғындар бұл бағытта қаншалықты белсенді? Олар негзінен кімдер?

- Америкада бұл өте дамыған сала. Адамдардың 50-60% өз қаржыларын инвестициялайды, акциялары бар. Американың заманауи экономикасы акцияларға байланысты. Дүниежүзілік Tesla, Apple, Facebook, Amazon (қоғамдық компаниялар) сияқты компаниялар да акция арқылы іс жүргізеді және болашақта акция ең үлкен экономикалық салалардың бірі болады. Қалаған адам, қалаған уақытында инвестиция немесе трейдинг жасай алады. Қазақ жастары да осы нәрседен қалмауы керек. Интернет дамыған заманда қай жерде өмір сүретінің маңызды емес, ертерек қамдансақ, Қазақстан нарығына инвестиция енгізе  аламыз. Осылайша ірі компаниялардан пайдасын көруге болады. Қазір жастар акция, крипта салаларында белсенді.  Әсіресе карантин кезінде адамдардың қызығушылығы 30% өскен. Әлемдегі әйгілі компанилар да қор нарығы арқылы еңсе тіктеген, атын шығарған.

Қор нарығына қатысты кеңірек  мәлімет бере кетсеңіз. Америка биржаларындағы айлық немесе жылдық ақша айналымы қандай? Еуропа, Азия елдеріндегі қор биржаларының беталысы қаншалықты қарқынды? 

- Алғашқы қор биржасы 1600 жалдарды Амстердамда ашылған еді. АҚШ, Европада бұрыннан бар. Америкада Nasdaq, DowJones сияқты көптеген қор биржалары істейді. Американың экономикасы тікелей соларға байланысты. Тіпті АҚШ заңына сай  мемлекеттік қызметкерлерден зейнатақыға ұсталатын  ақшасының бір бөлігі  құнды қағазда сақталады. Ал Америка биржа нарығының айлық ақша капитализациясы $48 трлн. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш $15 трлн болған, яғни 200% өсімді байқап отырмыз. Тек бір ғана Apple капитализациясы $2,8 трлн, ал күніне $78 млн айналуда. Бұл экономикаға жақсы әсер беруде. Қазіргі уақытта крипвалюта, оның ішінде блокчейн технологиясы қарқынды дамуда. Оның айналымы $3 трлн-ды құрап отыр. Ал биткоинның 1 күндік айналымы $29 млрд. Әр елдің өзінің қор биржалары бар және ең ірілері Америка, Лондон, Гонгонг, Жапонияда.

Тарихы жазылып жатқан мектеп Тарихы жазылып жатқан мектеп

Қазақстанның өз қор биржасы бар (KASE), оған қоса «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Бұл институттар елдегі капитал нарығын дамытуға қаншалықты үлес қосуда?

- Жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы қаржы орталығына (AIX) барып қайттым. Жасап жатқан жобалары керемет. Қазір мен олармен бірге коммерциялық емес бір жобаны бастадым және оған өз тарапымнан үлес қосуды жөн көрдім. 

Қазақстанда қаржы пирамидаларына үлкен ақша салып, ақырында алданып қалатындар көп. Бұған негізінен не себеп, қаржылық сауаттың төмендігі ме? Сол қаражатты неліктен биржаның акцияларына салмасқа? 

- Жалпы Қазақстанға келгініме 6-7 ай болып қалды. Иә, Қазақстанда өте көп қаржы пирамидалары бар. Елде қаржылық сауат төмен болған сайын, олар да көп бола береді. Әрине, көбі тез байып кеткісі келеді. Бірақ олай болмайды. Мысалы АҚШ экономикасы жылыны 10% өседі, ең бай деген  Уоррен Баффеттің өзі 22-23% табады деп айтады. Әлем байларының жылдық табысы шамамен осындай. Білімсіз, еңбексіз ақша көлемі өспейді және қаржы ешқашан жылдам көбеймейді. Ақшаңызды 2 еселеп берем дегендерге сенбеу керек.

Күркетауық бизнесі: Шымкенттік Бахыт Кенжебаев үндік шаруашылығын қалай жолға қойды Күркетауық бизнесі: Шымкенттік Бахыт Кенжебаев үндік шаруашылығын қалай жолға қойды

Қазақстанға оралып, Алматыдан академия ашып, жастарды қаржылық сауаттылыққа оқытып жатыр екенсіз. Нәтижесі қандай, олар негізінен кімдер?

- Иә бізде  DK Trading атты академиямыз бар. Құдайға шүкір! Қазіргі уақытта бізде  6000  астам студент оқып шықты, олар әлемнің 16 елінен. Нәтижеміз жақсы. Шынымды айтсам алғашында бұл салаға осыншама сұраныс болады деп ойламадым. Студенттеріміздің арасынан  командамызға қосылып жатқандар бар. Жалпы шәкірттеріміз әртүрлі саланың өкілдері. Бірі медицина маманы, студент, үйде отырған ана және т.б. Ал жастары 18-50-60 аралығында. Әр бір адам үшін трейдер болу маңызды емес. Біз осылайша  болашағымызға, балдарымыздың келешегіне инвестиция жасауды үйренуіміз керек. Әсіресе қазақ жастарының қаржылық сауаты жоғары болуы тиіс. Бастысы бұл бағытта нәтиже бар. Байлық-білім арқылы келеді!

Сделайте наш ресурс своим источником в Яндекс.Новостях : Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter 5329 просмотров Поделиться этой публикацией в соцсетях: Об авторе: Статьи по теме Инклюзивті білім беру қалай дамуда? Инклюзивті білім беру қалай дамуда? Қазақстандық шеберлердің бұйымдарын Alibaba және Amazon алаңдарына қалай шығаруға болады? Қазақстандық шеберлердің бұйымдарын Alibaba және Amazon алаңдарына қалай шығаруға болады? Инклюзивті білім беру қалай дамуда? Инклюзивті білім беру қалай дамуда? Жанат Махатаева «Microsoft» компаниясының стипендиясын қалай жеңіп алды Жанат Махатаева «Microsoft» компаниясының стипендиясын қалай жеңіп алды Серік Толықпаев: жұмсақ шешімдер Серік Толықпаев: жұмсақ шешімдер Цифрландыру кез келген маманның біліктілік көрсеткішіне күмән келтіре алады Цифрландыру кез келген маманның біліктілік көрсеткішіне күмән келтіре алады ҚМДБ мен тұңғыш ислам финтех Tayyab ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды ҚМДБ мен тұңғыш ислам финтех Tayyab ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды Сапар Сатаев Лондондағы Халықаралық ғарыш компаниясының басшылық қызметіне қалай тағайындалды Сапар Сатаев Лондондағы Халықаралық ғарыш компаниясының басшылық қызметіне қалай тағайындалды
Сапар Сатаев Лондондағы Халықаралық ғарыш компаниясының басшылық қызметіне қалай тағайындалды Сапар Сатаев Лондондағы Халықаралық ғарыш компаниясының басшылық қызметіне қалай тағайындалды
Тіл мен табыс: Аманбек Мағзұмхан ағылшын тілін қалайша кіріс көзіне айналдырды Тіл мен табыс: Аманбек Мағзұмхан ағылшын тілін қалайша кіріс көзіне айналдырды

Бұл туралы Қазақстанға Моңғолиядан келген қандасымыз, ағылшын тілінің жеңіл... →


Тарихы жазылып жатқан мектеп Тарихы жазылып жатқан мектеп
Күркетауық бизнесі: Шымкенттік Бахыт Кенжебаев үндік шаруашылығын қалай жолға қойды Күркетауық бизнесі: Шымкенттік Бахыт Кенжебаев үндік шаруашылығын қалай жолға қойды

Поделиться:

Смотрите также:

Геополитическое давление на рубль растёт
3 года назад
Геополитическое давление на рубль растёт ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 21 января 2022 Госсекретарь США и глава МИД России 21 января проведут встречу в Женеве ...
Профицит торгового баланса РК по итогам 2023 года снизился на 45%
1 год назад
Аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана представил очередной ежедневный обзор рынков. Валютный рынок По итогам торгов среды курс по паре USDKZT закрылся на уровне 448,17 тенге за доллар, практически не изменившись по сравнению с торга...
Почему частные листинговые компании сократили дивидендные выплаты
3 года назад
Почему частные листинговые компании сократили дивидендные выплаты ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 03 февраля 2022 Cитуация выглядит достаточно тревожной ...
Зачем казахстанская буровая компания записывает подкасты и ведет YouTube-канал
1 год назад
Потомственный буровик — такое в горнорудной отрасли Казахстана нечастое явление. Марат Нугманов, основатель компании «Буровые решения», занимается бурением уже двадцать лет, а начинал на предприятии своего отца Аскара Нугманова. - И снабженцем был, и...
ОПЕК+ может исключить Россию из сделки по ограничению добычи сырья
3 года назад
ОПЕК+ может исключить Россию из сделки по ограничению добычи сырья ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 02 июня 2022 Ранее это уже происходило с Ираном, Ливией и Венесуэлой ...
Цены фьючерсов на газ в Европе выросли на 35%
3 года назад
Цены фьючерсов на газ в Европе выросли на 35% ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 24 февраля 2022 Рынок лихорадит на фоне начала российской военной операции в Донбассе ...
Бензина не хватает: в Казахстане увеличат мощность четырёх НПЗ
1 год назад
Пресс-служба Министерства энергетики сообщила о начале работ по увеличению нефтепереработки с 18 до 27 млн тонн в год. В частности, возрастет переработка на таких НПЗ, как: Шымкентский НПЗ — с 6 до 12 млн тонн/год нефти; Павлодарский НХЗ —...
Нарық іші қолма-қол ақшасыз төлем түрін таңдап отыр
2 года назад
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы 2023 жылдың тоғыз айында елімізде жүзеге асқан қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша өз шолуын жария етті. Сарапшы қауым алға тартқа мәліметке сай, 2023 жылдың қаңтары мен қыркү...