Войти

Нарық іші қолма-қол ақшасыз төлем түрін таңдап отыр

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы 2023 жылдың тоғыз айында елімізде жүзеге асқан қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша өз шолуын жария етті.

Сарапшы қауым алға тартқа мәліметке сай, 2023 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында еліміздегі қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар 101,5 трлн теңгені (2022 жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда +42%) немесе жалпы ішкі өнімге шаққанда 86%-ды құраған. Мұндай өсу көрсеткішіне ықпал етуші факторлардың қатарында олар ЖІӨ-нің жедел қарқыны мен банктердің онлайн сервистерін қолданушылар санының артуын (+223 мың – 22 млн-ға дейін) және сауда кәсіпорындарының көбеюін (+254 мың – 763 мыңға дейін) мысал етеді.

Маркетплейстер онлайн саудада жаңа жылдық серпілісті күтуде Маркетплейстер онлайн саудада жаңа жылдық серпілісті күтуде

Deloitte компаниясының есебіне сәйкес бөлшек сауданың шамалы өсімі болжанып... →

Егер ай сайынғы орташа өсім көрсеткіші 11,3 трлн теңге десек, онда жылдық көрсеткіш 135,3 трлн теңгені құрауы мүмкін, деп отыр ҚҚҚ сарапшылары. Мұндай жағдайда биыл алғаш рет жылдық орташа өсім ЖІӨ көрсеткішінен асып түсуі де ықтимал: еліміздің 2024–2028 жылдарға белгіленген әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сай, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 118,3 трлн теңгені құруы мүмкін.

Сарапшы қауымның айтуынша, ішкі нарықта қолма-қолсыз ақша түріндегі төлемдердің кеңінен қолданысқа түсуі аясында бұл тұрғыдағы операциялар көрсеткіші ел бойынша 2022 жылғы 82%-дан – 2023 жылы 86%-ға дейін ұлғайып өскен.

Өңірлер аясында алып қарағанда, қолма-қол ақшасыз транзакциялар екпіні бойынша көш басына Алматы (+9,7 пайыздық пункт), Түркістан (+9,3 п.п.) және Батыс Қазақстан (+5,9 п.п.) облыстары шыққан.

Дегенмен, қолма-қол ақшасыз транзакциялардың ауқымы бойынша жоғары қарқын әдеттегідей үш ірі мегаполистің еншісінде: Алматыда – жалпы ауқымның 50%-ы шоғырланған, Астанада – 11%-ы, Шымкентте – 6%-ы.

Сарапшы қауым, сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақша (M0) ауқымының өсу көрсеткіші 2022 жылғы 11,1%-дан – 2023 жылы 7,2%-ға дейін баяулап қалды деп отыр, бірақ есепті кезең аралығында қолма-қол ақшаны беру операциялары жоғары деңгейде қалған: бір айдағы орташа көрсеткіш 1,8 трлн теңге. Сол сияқты, осы тұста қолма-қол түрге айналдырылған ақшаның жалпы көлемі 16,6 трлн теңгені құраған (бір жыл бұрынғы көрсеткіш: 16,0 трлн теңге).

ҚҚҚ сарапшылары «нарық ішіндегі маңызды тенденцияның бірі» деп QR арқылы төлем жасау үлесінің артуын алға тартады: қолма-қол ақшасыз барлық транзакциялардың 5,2%-ы немесе 5,3 трлн теңге. Ал POS-терминалдар арқылы төлем жасау үлесі керісінше қысқара түскен: 11,8%-ға немесе 11,9 трлн теңгеге дейін.

Түйін Сарапшы қауымның айтуынша, 2022 жылдың қазан айының басындағы көрсеткішпен салыстырғанда – айналымдағы дебит карталарының саны елімізде 19%-ға (49,2 млн данадан 58,7 млн данаға дейін), ал кредит карталарының саны – 5,5%-ға (11,5 млн данадан 12,1 млн данаға дейін) артқан. «Осылайша, қазіргі таңда еліміздегі әрбір 100 адамға шаққанда 293 дебит картасы және бар болғаны 61 кредит картасы сай келеді (яғни, 5 еседей төмен)», - деп көрсетеді ҚҚҚ сарапшылары.

Суретші: Ақша дизайнында минимализмді ұстанған дұрыс Суретші: Ақша дизайнында минимализмді ұстанған дұрыс

Теңге ең алғаш айналымға енген 1993 жылдың 15 қарашасында 1 АҚШ доллары 4,6... →

Айтқандай, зерттеу қорытындысы бойынша кезең ішіндегі негізгі көрсеткіштерге тоқталған сарапшы қауым, 2023 жылдың тоғыз айында елімізде қолма-қол ақшасыз операциялардың жеделдеп өсу қарқыны әрі қарай жалғасуда, деп отыр. Олардың түсіндіруінше, бұған елдегі қолайлы макроэкономикалық жағдай септік етсе керек, мысалға, биылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында жалпы ішкі өнімнің өсу көрсеткіші 4,7%-ды құрады (былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 2,8% болатын). Сонымен қатар, есепті кезеңде елімізде банктердің онлайн сервистерін қолданушылар саны ұлғайып (+223), саудамен айналысатын кәсіпорындар саны арта түскен (+254 мың).

Биыл қазан айының басында карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз транзакциялар ауқымы қолма-қол ақша беру операциялары көрсеткішінен 6 есе жоғары шыққан: 101,5 трлн теңге vs 16,6 трлн теңге. Салыстыру үшін айта кетсек, былтыр бұл көрсеткіштер арасындағы айырмашылық тек 4,5 есе болған (71,6 трлн теңге vs 16,0 трлн теңге). Ал бұдан 4 жыл бұрын, ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, қолма-қол түрдегі ақшаны беру операциялары қолма-қол ақшасыз есептесу көрсеткішінен анағұрлым асып түскен. Яғни, қолма-қол ақшаны алу көрсеткішімен салыстырғанда, бүгінде қолма-қол ақшасыз транзациялар коэффициенті 651%-ға өссе керек.

«Бұл тұрғыда қолма-қол ақшасыз транзакциялар бойынша жасалған бір операциядағы «орташа чек» 11,7 мыңнан 12,6  мыңға дейін өскен (жылма-жыл алғанда +7,2%), ал банкоматтардан ақша алуда – 85,4 мың теңгеден 97,2 мың теңгеге дейін (жылма-жыл алғанда +13,9%)», - деп көрсетеді ҚҚҚ сарапшылары.

Отандық сарапшылар базалық мөлшерлеме 15%-ға дейін төмендейді деп күтеді Отандық сарапшылар базалық мөлшерлеме 15%-ға дейін төмендейді деп күтеді Олар, сондай-ақ есепті кезең аралығында ішкі нарықта халықаралық жүйелердің төлем карточкаларының саны артып (жылма-жыл алғанда +7,1 млн немесе 17%), жергілікті карточкалардың сәйкес көрсеткішінен (+3,0 млн немесе 14%) асып түсті, деп отыр. Осының аясында бұл екеуінің нарықтағы үлесі қалыпты деңгейде қайтадан теңгерімге келді, деп түсіндіреді сарапшылар, яғни халықаралық карточкалардың үлесі 67%-ға өссе, жергілікті карточкалардың үлесі 33%-ға төмендеген. Сөйтіп, 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сай еліміздегі төлем карточкаларының жалпы саны 72,7 млн дананы құраған, ал былтырғы көрсеткіш бойынша 62,6 млн дана болатын.

Сол сияқты, ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, цифрлық теңгенің қолданысқа енуімен еліміздегі шалғай аудандарда да қолма-қол ақшасыз төлем жасау ықтималдығы арта түспек, өйткені, мұндай жағдайда ел халқы 15 шақты офлайн транзакция тізбегін жүзеге асыруға мүмкіндік алады, тіпті, интернет қосылмаған күннің өзінде де, дейді отандық сарапшылар.




Поделиться:

Смотрите также:

Количество брокерских счетов в Казахстане превысило отметку в полмиллиона
3 года назад
Количество брокерских счетов в Казахстане превысило отметку в полмиллиона ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 07 октября 2022 Каждый пятый счет открыт в Алматы ...
Как удобно купить акции «КазМунайГаза»
3 года назад
Как удобно купить акции «КазМунайГаза» ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 28 ноября 2022 Стать акционером нефтегазовой компании можно за 10 минут ...
Как Мурат Абдрахманов «делает иксы» на стартапах и почему вышел из Choco
2 года назад
Мурат Абдрахманов построил успешный бизнес в телекоме (АО «ASTEL»), вместе с супругой создал сеть стоматологических клиник Dent-Lux. Однако в 2015 году решил отойти в сторону от управления в налаженном бизнесе и занялся венчурным инвестированием. Сег...
Объём вложений нерезидентов в госдолг РК в марте снизился на четверть
3 года назад
Объём вложений нерезидентов в госдолг РК в марте снизился на четверть ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 06 апреля 2022 Показатель снизился до 424 млрд тенге с февральских 567 м...
В Алматы начал работу инновационный дилерский центр Mercedes-Benz
2 года назад
Кульджинская трасса, на которой построен новый центр, является автодорогой республиканского значения. Новый объект соответствует новейшим инновациям и стандартам MAR20XX, предлагая легковые и грузовые транспортные средства бренда Mercedes-Benz. С пло...
Число брокерских счетов в Казахстане приблизилось к трём миллионам
1 год назад
За I квартал 2024 года общее количество счетов в системе Центрального депозитария выросло на 347 200 (14%) и приближается к 3 млн, сообщает пресс-служба ЦДЦБ. Как добавляют в депозитарии, 97% роста приходится на омнибус-счета – специальный тип с...
Продление сокращения добычи Саудовской Аравией и Россией поддержало цены на нефть
2 года назад
Аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана представил очередной ежедневный обзор рынков Валютный рынок Новая неделя началась с укрепления курса нацвалюты: пара USDKZT снизилась до 462,6 тенге за доллар (-2,38 тенге) при снижени...
«Семь тощих лет» текущего счёта: в 2021 году дефицит составил $5,7 млрд
4 года назад
«Семь тощих лет» текущего счёта: в 2021 году дефицит составил $5,7 млрд ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 18 февраля 2022 Для частичного финансирования этого дефицита из резе...