Войти

"Ойламаған жерден болды". Әнші Марат Омаров голливуд фильміне түсті

Әнші Марат Омаров жақында голливудтық экшн-жанрында алғаш рет фильмге түскен еді. Туындының тұсауы кесіліп, үлкен экранға жол тартты. Өнер иесі Massaget.kz тілшісіне фильмдегі алғашқы дебюті қалай өткені, шетелдік режиссерлерден алған ұсынысы туралы баяндады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар

"Ойламаған жерден болды"

Марат Омаровтың айтуынша, ұсыныс аяқ астынан түскен.

"Бұл өзі ойламаған жерден болды. Алпыстан ассақ та, "жақсыны көру кеш емес" деген рас екен. Алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің. Кезінде Төлеген Момбеков күйшіні үйге шақырып, ата-анам: "Төлеген, айналайын, сен Созақтан болсаң да, Алатауға дейін шығып жатқан шертпе күйдің шеберісің. Сол сияқты менде де әуенді Алатауға дейін жеткізетін ұрпақтар болса" деп армандады. Әкемнің арманын орындап, алғаш әке мен ана туралы әнім қатар шыққан еді. Сол кісілердің батасынан шығар, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы кезінде арнайы осында іс-шарамен келіп, 20 қаланы аралап шықтым. Арнайы диаспораларда концерт беріп, тек қана өз әндеріммен шұғылданып жүрген кезде осы ұсыныс түсті", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Омаров? (@marat_omarov_kz)

Ол Голливудқа басқа жоспарларымен келген.

"Кіші қызым Бибімариям New York Film Academy-ге оқуға түсіп, Голливудқа көшіп келдік. Бір жағынан киноға түсуді армандадым. Неге екенін білмеймін, болмысым көңілді болғандықтан, сондай бағыттағы фильмдерге түсемін деп ойлайтынмын. Әрі әндерім де сол бағытта ғой. Алпауыт, әлемге әйгілі Central Casting компаниясы киноға түсуге ұсыныс жасады. Тілді білмесек те бауырлардың ықпалымен байқап көруге шешім қабылдадым. Компания басшыларымен орысша-ағылшынша сөйлестік. Олар маған "типажыңыз экшн-криминал фильмге келіп тұр, сізді жан-жақты зерттеп, әлеуметтік желідегі парақшаларыңызды да қарап шықтық, осы фильмге барлық жағынан сәйкес келіп тұрсыз, рұқсатыңызды бересіз бе?" деп кездесуге шақырды", - деді ол.

"Сценарийге өзгеріс енгіздім"

Өнер иесі фильмнің сценарийіне өзгеріс енгізгенін айтты.

"Экшн-фильм, криминалдық деген соң мен үшін өзгеше жанр болды. Туындыда Мексикадан Америкаға қоныс аударушылардың шоғыры, олардың көрген қиыншылықтары, оқиғалары баяндалады. Атауы "Малена" деп аталады. Фильмде Мексикадағы мафиялардың күзетшісі рөлін сомдаймын. Алғашқыда сценарийді оқыған соң олардан "фильмде мені атпай ма?" деп сұрадым. "Ондай болмайды, керісінше сіз біреуді өлтіресіз" деді. Сосын "сценарийді өзгертуге бола ма, өлтірмей-ақ тек ұрып-соқсам қалай болады, сондай рөл болса барар едім" дедім. Сөйтіп, режиссерлер сценарийді мен үшін өзгертті", - деді ол.

Жақында тұсауы кесілген фильм 3 аптаға жуық түсірілген.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар

Поделиться: