Войти

Қор нарығы: басты драйвер «Қазатомөнеркәсіп» және банктер

Қор нарығы: басты драйвер «Қазатомөнеркәсіп» және банктер

03 февраля 2022 Қор нарығының былтырғы көрсеткіштеріне шолу жасаған Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) осындай тұжырым жасап отыр ФОТО: Қазатомөнеркәсіп

2021 жылы KASE және AIXQI индекстерінің өсуіне ықпал еткен негізгі қозғаушы күштер – банктер мен «Қазатомөнеркәсіптің» бағалы қағаздары.

ҚҚҚ ұсынған талдауға сай, көрсетілген кезең барысындағы негізгі тенденциялар төмендегідей:

  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы бөлшек инвесторлар базасы (KASE+AIX) 142, 4 мың шотқа өскен (2020 ж. қорытындысы бойынша +55, 2 мың).

  • Еліміздегі инвестициялық шоттардың жалпы саны 377 мыңнан асқан, олардың 42%-ы немесе 159 мыңы AIX (AIX CSD) бағалы қағаздарының Орталық депозитарийіне тиесілі.

  • Әйтсе де, жұмыспен қамтылған халық санына шаққанда, бөлшек инвесторлардың үлесі аса жоғары емес, салыстырмалы түрде алғанда 4,3% шамасында (былтырғы көрсеткіш 2,7%). Айта кету керек, өз экожүйелерін белсенді түрде дамытуға мән берген банктердің клиенттік базалары үшін бағалы қағаздарға инвестиция салу мүмкіндігі жеке инвесторлардың қатарын ұлғайтуға дем беруі ықтимал.

  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексі 37%-ға өскен (2020 ж. көрсеткіш 13%), өз кезегінде, бұған банк секторы мен «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының өсуі септік еткен.

  • 2021 жылдың шілдесінде іске қосылғалы AIXQI индексінің 10%-ға өсуіне қаржы секторы мен тау-кен және телекоммуникация салаларының эмитенттері септік еткен.

  • «Көгілдір фишкалар» құнының жоғары өсімі корпоративтік табыс мен дивидендтік төлемдердің, түрлі корпоративтік және рейтингтік оқиғалардың, тауар және шикізат нарықтарындағы қолайлы бағалардың ұлғаюы аясында орын алған.

  • Алайда, қаңтардың басындағы қайғылы оқиғалар мен геосаяси тәуекелдердің өсуі, сондай-ақ Федералды резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемесі агрессивті түрде көтеріледі деген пайымдар жергілікті инвесторлардың ұстанымына кері әсер етуде. Жыл басынан бері KASE индексі 4,1% жоғалтса, AIXQI 14,5%-ға төмендеген.

  • Инвесторлар өз капиталын дамушы елдерден жаһандық деңгейде шығарып алып, carry trade мәмілелері жабылып жатқан тұста шетелдік инвесторлар теңгелік позициялардан шығуға ұмтылауда. ҚР Ұлттық банк ноталарындағы резидент емес тұлғалардың үлесі 2021 жылғы қарашадағы ең жоғары мәндерден 9,8%-ға дейін төмендеген (қарашағы көрсеткіш 16,2%), сол сияқты, олардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) жалпы ауқымындағы үлесі 3,9%-ға дейін (5,6%) төмендеп кеткен.

  • Мұндай жағдайда дамыған елдермен арадағы пайыздық мөлшерлемелер дифференциалын ұлғайту – теңге түріндегі активтерге деген сұранысқа қолдау болуы мүмкін. Бірақ депозиттер бойынша мөлшерлеменің одан әрі артуына орай, бұл шара клиенттік базаның өсуін баяулатып жіберуі де ықтимал.

ҚҚҚ түйіні

Депозиттердің төмендейтін нақты табыстылығы азаматтардың жинақтарын көбейту және қосымша табыс көзін қалыптастыру үшін қор нарығының неғұрлым тәуекелді құралдарына қызығушылығын ынталандырады. Бұған өсіп келе жатқан нарықтағы қазақстандық эмитенттер акцияларының раллиі де ықпал етеді. Осылайша, биыл жергілікті нарықтағы жаңа инвесторлардың біразы инвестициялық оң тәжірибе ала алды.

Оң үрдістер өтімділіктің өсуінде де байқалады. Мысалы, акциялар нарығындағы сауда-саттық ауқымы есепті кезеңде 30-ға (KASE+AIX) өсті. Нарықтағы өтімділіктің өсуі қарыз және үлестік капиталды тарту бойынша экономика субъектілерінің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға ықпал ететін болады.

Утилизация саласын кімге тапсырамыз? Утилизация саласын кімге тапсырамыз?

Ел ішіндегі экологиялық мәселелерді шешіп, отандық автопаркты жаңартуға үле... →

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында салымдар көлемі бойынша тарихи рекордтар жаңартылып, ҚР МБҚ-дағы шетел капиталының ағыны тоқтатылды. Бұған елдегі жоғары инфляциялық процестер және нақты табыстылықтың төмендеуі, сондай-ақ дамыған елдердегі монетарлық жағдайлардың қатаңдану ықтималдығы әсер етуі мүмкін.

Мұндай жағдайда монетарлық шарттарды қатайтып, инфляциялық процестерді нысаналы дәліздерге қайтару тұрғысындағы мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы шетелдік инвесторлар үшін теңгелік активтердің тартымдылығын қайта қолдауы мүмкін.

Нарық ішінде бөлшек инвесторлардың саны арта түскенін ескере отырып, реттеуші – лицензияланбаған қызметке тыйым салудан бастап, инвестициялық кеңес беру бойынша қызмет көрсету тәртібі мен брокерлердің жауапкершілігін қатаңдату сынды өзге де бірқатар түзетулерді қоса алғанда, нарықтағы жауапсыз ойыншыларға қарсы шараларды әрі қарай күшейте береді.

Самые яркие и интересные истории - в нашем Instagram : Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter 9869 просмотров Поделиться этой публикацией в соцсетях: Об авторе: Статьи по теме Қоғам саған айтам, билік сен тыңда Қоғам саған айтам, билік сен тыңда Өте құпия: қандай деректерді үшінші тұлғаларға хабарлауға болады, қайсысын құпия ұстау керек Өте құпия: қандай деректерді үшінші тұлғаларға хабарлауға болады, қайсысын құпия ұстау керек Цифрландыру: Арманға апарар жаңа тренд Цифрландыру: Арманға апарар жаңа тренд Шет елдерде оқып жүр, талай қазақ баласы... Шет елдерде оқып жүр, талай қазақ баласы... Қоғам саған айтам, билік сен тыңда Қоғам саған айтам, билік сен тыңда Утилизация саласын кімге тапсырамыз? Утилизация саласын кімге тапсырамыз? Сарапшылар болжамы жақсаруда Сарапшылар болжамы жақсаруда Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм қалай түсірілуде Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм қалай түсірілуде
Утилизация саласын кімге тапсырамыз? Утилизация саласын кімге тапсырамыз?

Ел ішіндегі экологиялық мәселелерді шешіп, отандық автопаркты жаңартуға үле... →

Поделиться:

Смотрите также:

Когда в Казахстане построят три новых ТЭЦ на «чистом угле»
6 месяцев назад
Вице-министр энергетики Сунгат Есимханов на пресс-конференции в СЦК в понедельник, 16 февраля, рассказал о сроках строительства трех новых ТЭЦ на базе технологии «чистого угля». Вице-министр напомнил...
Акции Банка ЦентрКредит 8 декабря снизились на 15%
2 года назад
Аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана представил очередной ежедневный обзор рынков Валютный рынок К концу прошлой недели пара USDKZT заметно снизилась на фоне растущих нефтяных котировок и умеренного восстановления рис...
Нацбанк продал $600 млн из Нацфонда в феврале
2 года назад
По итогам февраля курс тенге ослаб на 0,6%, до 450,65 тенге за доллар США, сообщила пресс-служба Национального банка 1 марта. Среднедневной объем торгов на Казахстанской фондовой бирже за месяц увеличился со $172 до $187 млн. Общий объем торгов за ме...
В 2022 году из Нацфонда и квазигоссектора продали $9,1 млрд
3 года назад
В 2022 году из Нацфонда и квазигоссектора продали $9,1 млрд ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 05 января 2023 Указанные операции обеспечили 31% объёма торгов на KASE ...
Средства Нацфонда будут запрашиваться исключительно для строительства крупных инфраструктурных объектов — Бектенов
1 год назад
Правительство намерено ограничить использование средств Национального фонда. Об этом на расширенном заседании правительства, прошедшем с участием президента Касым-Жомарта Токаева 28 января, заявил премьер-мини...
Вливали ли в Qarmet деньги государства? Ответ Шарлапаева
2 года назад
27 марта журналисты «пытали» в кулуарах Мажилиса министра промышленности и строительства РК Каната Шарлапаева вопросом: «Использовались ли при покупке Qarmet средства Банка развития Казахстана?» И вообще – государственные деньги. Министр отвечал отри...
Объём вложений иностранных инвесторов в госдолг РК снизился
4 года назад
Объём вложений иностранных инвесторов в госдолг РК снизился ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 13 января 2022 Выход нерезидентов из госдолга повлиял на курс нацвалюты ...
О чём договорились Нурлан Смагулов и президент Hyundai Motor Company
2 года назад
В понедельник, 19 февраля, в Казахстан прибыла делегация лидеров корейского автопрома во главе с президентом и глобальным CEO Hyundai Motor Company господином Джэхун Чангом (Jaehoon Chang). Глава Hyundai Motor Company посещает Казахстан впервые. В со...