Войти

ҚҚҚ: Сақтандыру өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы жария еткен кезекті зерттеу қорытындысына сай, 2023 жылы отандық сақтандыру секторындағы негізгі көрсеткіштер жалпы нарық бойынша ұлғайып өскен. Бұған ел ішіндегі іскерлік белсенділік пен ипотека және автокредит нарықтарында жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру септік еткен.

Негізгі тенденциялар 2023 жылы жалпы сақтандыруға негізделген қазақстандық компаниялардың активтері 20,0%-ға: 1 376,4 млрд теңгеге дейін өскен (2022 жылы: +9,4%), бұл – сақтандыру нарығындағы активтердің 55,2%-ын құрайтын көрсеткіш.

Бағалы қағаздар түріндегі активтердің ұлғаю көрсеткіші 12,1%-ды, кері репо операциялары бойынша – 71,5%-ды, орналастырылған салымдар бойынша 29,5%-ды құраған.

Сектор міндеттемелері 25,9%-ға: 543,8 млрд теңгеге дейін өскен (2022 жылы: -4,0%), негізінен орын алған шығындар бойынша міндеттемелер көлемі (+31,6%) мен сақтандырудың қалған бөлігі бойынша міндеттемелердің артуы (+20,6%) есебінен және репо операциялары бойынша (+30,2%).

Сала құрылымында айтарлықтай өзгеріс жоқ – сектор ішіндегі активтердің 90%-на сақтандыру нарығындағы негізгі 16 ойыншының 8-і иелік етіп отыр (Херфиндаль-Хиршман индексі – 0,2).

 

2023 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде жалпы сақтандыруға негізделген компаниялардың өнімдеріне деген сұраныс өсе түскені байқалды: бұл тұрғыда былтыр жасалған келісімдер көрсеткіші 9,0%-ға артқан. Сыйлықақы көлемінің ұлғаюы 30,7%-ды құраған, оның ішінде автокөлікті сақтандыру бойынша сыйлықақы 2,1 есе, мүлікті сақтандыру бойынша – 26,6%-ға, кәсіби жауапкершілік бойынша – 3,0 есе өскен.

2023 жылы сақтандыру компанияларының жиынтық түрдегі сақтандыру төлемдері де ұлғая түскен: олардың көлемі 38,5%-ға, саны 21,4%-ға өскен.

Қызылжарлық кәсіпкер: Қазақ әйелдері үйде отырып-ақ бір-бір бизнестдөңгелете алады Қызылжарлық кәсіпкер: Қазақ әйелдері үйде отырып-ақ бір-бір бизнестдөңгелете алады

Батыс Қазақстаннан Солтүстікке білім алуға келген Ақмарал Мақтұмқұлованы бү... →

Мұндай динамика мүлікті сақтандыру (+71,6%), көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі/көлік құралдарын сақтандыру (+29,3%) төлемдері, сондай-ақ денсаулыққа қатысты сақтандыру (+31,4%) бойынша төлемдер есебінен қамтамасыз етілген.

Сақтандыру төлемдері мен сыйлықақылардың біршама өсуі есебінен, олардың арақатынасы сақтандыру компаниялары үшін ептеп қана өзгеріп, 31,1%-ды құраған (2022 жылғы көрсеткіш 29,3% болатын).

2023 жылы сақтандыру компанияларының таза кірісі артып (+14,3%), сақтандыру қызметінен түсетін пайданың еселеп өсуіне қолдау көрсетті (+69,0%), бірақ бұл пайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша таза шығындардың өсуі (+48,8) негізінде ішінара тегістеліп, реттелді.

Сектордың табыстылығына бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің өсуі де ықпал етті, айта кету керек, бұл жағдай сақтандыру компанияларының еңбекақы төлеу шығындарын қысқартуы аясында (-47,1%) көрініс берді.

Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (RoE) нарық бойынша 15,9%-ды құрады (2022 жылы: 12,6%), бұл негізінен Халық СК, Freedom Finance және Аmanat компанияларының көрсеткіштері негізінде қамтамасыз етілді.

Жалпылай алғанда, 2024 жылы сақтандыру секторы жаңа өнімдерді дамыту және саланы одан әрі цифрландыру есебінен өсіп, ұлғая береді деп күтілуде.

 

 

Қорытынды 2023 жылдың қорытындысы бойынша, сақтандыру нарығының құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалған жоқ: нарық ішіндегі шоғырлану көрсеткіші бұрынғысынша орташа қалыпты деңгейде қалып отыр, ал оның негізгі кірістілігін мүлікті сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі секілді базалық өнімдер қамтамасыз етуде.

Сол сияқты, нарық ішіндегі негізгі құралдармен қатар, отандық сақтандыру өнімдеріне деген сұранысқа ипотекалық және жеңілдетілген автокредит бағдарламалары да қолдау көрсетуде. Мысалға, былтыр «Отбасы банкі» жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құраған 64,8 мың кредит берген, ал жеңілдетілген автокредит бағдарламасы аясында 2700 автокөлік сатып алуға жалпы сомасы 26 млрд теңгені құрайтын кредит берілген.

Инфляциялық процестердің тұрақты негізде баяулай түскенін ескерсек, 2023 жылғы сақтандыру төлемдерінің ұлғайып өсуі, негізінен сақтандыру төлемдері санының артуымен (+21,4%) байланысты болған, әсіресе, мүлікті сақтандыру және денсаулыққа қатысты сақтандыру сынды ұсыныстар аясында.

Айта кету керек, 2024 жылдан бастап елімізде сақтандырудың барлық міндетті санаттары бойынша сақтандыру талаптарын онлайн реттеумен қатар, көлік құралдарын міндетті сақтандыру аясындағы сақтандыру жағдайларын реттеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілді (Еурохаттама). Өз кезегінде бұл сақтандыру төлемдерінің одан әрі өсіп, ұлғаюына септік етуі ықтимал: биылғы қаңтар айының өзінде ғана Еурохаттамаға сай 423 жағдай рәсімделіп, 41,6 млн теңге сомасына 223 сақтандыру төлемі жасалған.

Бұл тұрғыда сақтандыру нарығын одан әрі дамыту әлеуеті барынша сақталуда, әсіресе, ҚР ҚНРДА ұсынған бастамаларды ескерер болсақ. Мысалға, жойқын сипаттағы табиғи зілзалалар орын алар болса, апатты жағдайлардан сақтандыру моделі және соған сәйкес заңнамалық түзетулер әзірленетін болады.

Оның сыртында реттеуші орган қазақстандықтардың хабардарлығын арттырып, келісім жасасу барысында оларға мейлінше ыңғайлы болуы үшін сақтандыру қызметтерінің толық спектрі ескерілген электронды платформаларды (маркетплейстер) дамытуға кіріскелі отыр.

Осылайша, 2024 жылы Қазақстанның сақтандыру нарығында екі таңбалы өсуі көрсеткіші белсенді түрде жалғасуы әбден мүмкін, бұған ел ішінде біртіндеп тұрақтала түскен макроэкономикалық жағдайлар мен қолайлы реттеуші орта және сақтандыру саласындағы цифрландыруды жалғастыру септік етуі тиіс.


Поделиться:

Смотрите также:

Инфляция в январе ускорилась в 14 регионах Казахстана
1 год назад
В январе 2025 года годовая инфляция в Казахстане ускорилась, составив 8,9% (в декабре 2024 года — 8,6%). Ускорение годовой инфляции зафиксировано в 14 регионах, в 6 — осталась неизменной, сообщи...
290 млрд тенге субсидий и гарантий выделило государство для МСБ в 2023 году
2 года назад
В 2023 году в рамках государственных программ (Национального проекта по развитию предпринимательства на 2021-2025 годы, а также «Экономика простых вещей»), правительство РК выделило 290 млрд тенге на развитие МСБ. Оператором программ государственной ...
Копилка недовольства миноритариев в РК стала пополняться слишком активно
4 года назад
Копилка недовольства миноритариев в РК стала пополняться слишком активно ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 25 августа 2022 Смогут ли квазигосударственные листинговые компании у...
Переговоры лидеров США и РФ могут снизить санкционные риски
4 года назад
Переговоры лидеров США и РФ могут снизить санкционные риски ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 07 декабря 2021 Видеовстреча президентов ожидается после девяти вечера по времени ...
Строящая газоперерабатывающий завод на Кашагане компания перешла к «Самрук-Казына»
2 года назад
Портфель активов ФНБ «Самрук-Казына» пополнился: 24 января 2024 года в него вошли ТОО «GPC Investment» (доля участия фонда в уставном капитале – 100%) и ТОО «Soft Art» (50%). Таким образом, список компаний, в которых фонд обладает 10 и более процента...
На заводе KPI наладили производство новых марок полипропилена
2 года назад
Накануне 32-летия независимости Казахстана завод Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. выпустил две новые марки полипропилена – PP H270 FF/7 и PP H036 BF/7. Марка PP H270 FF/7 предназначена для производства волокон, нетканых материалов, термоскреп...
Глава Минторговли РК: У экспортеров есть что везти, но не на чем
2 года назад
Экспорт готовой аграрной продукции в Казахстане не соответствует возможностям производителей. Для улучшения ситуации необходимо решить сложности с транспортировкой грузов, пишет ElDala со ссылкой на пресс-службу Министерства торговли и интеграции. «У...
KASE и Solana Foundation начали взаимодействие в области финтеха
10 месяцев назад
12 декабря 2025 года АО «Казахстанская фондовая биржа» (KASE) и Solana Foundation подписали Меморандум о взаимопонимании, направленный на развитие совместных инициатив в сфере блокчейна и цифров...
➤