Войти

Стартапшы: Әлеуметтік стартапты қаржыландыру – қайырымдылық емес

Әсем Тажиева – OzimPlatform жобасының авторы және OzimPlatform ҚҚ құрылтайшысы, Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының жетекшісі.

«2016 жылы Назарбаев университетіне көптілді білім беру мамандығы бойынша магистратураға түстім. Оқып жүріп, инклюзивті білім беру тақырыбына қызыға бастадым. 2018 жылы университет профессорлары инклюзивті білім беруге қатысты халықаралық зерттеу жүргізді. Мен сол зерттеуге research assistant ретінде қатыстым. Нәтижесінде ерекше балалардың жай-күйімен толық танысып, ата-аналардың осы балаларды тәрбиелеп өсіруінде қандай қиындықтармен кездесетінін түсіндім. 2019 жылы өмірге үшінші баламды әкелдім. Қызым отыз алтыншы аптада мерзімінен ерте дүниеге келді. Осы уақытқа дейін бұл мәселеге зерттеуші тұрғысынан қарасам, енді ана ретіндегі сезімім еселене түсті. Біздің қоғамда ерекше жағдайдағы балалармен қатар, ата-аналарға да көптеген барьер бар екеніне көзім жетті», - дейді Әсем Тажиева.

Нәрестеге диагноз қою оңайға соқпаған соң, Әсем ханым қызының жағдайын оңалту үшін Мәскеуге, Стамбулға барып, білікті мамандардың көмегіне жүгінгенді жөн көреді.

Әсем Тажиева Әсем Тажиева Фото: жеке архивтен «OzimPlatform жобасын жасап шығуға бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден, магистратурада инклюзивті білім беруге қатысты алған білімім. Екіншіден, баламды шетелге апарып қаратуға мүмкіндігім болды. Бірақ біздің елдің экономикалық жағдайында бұған екінің бірінің қолы жете бермейді. Сондықтан өз білетінімді көпшілікпен бөліскенді дұрыс көрдім. Үшіншіден, 2009 жылдан бастап IT саласында тәжірибем бар. Осы сынды қабілеттерімді біріктіріп, Ozimплатформасын жасау идеясына тоқталдым», - деп әңгімелейді ол.

Бұл идеяны жүзеге асыру үшін Назарбаев университетінің әлеуметтік даму қорынан 10 млн теңгелік грант ұтып алған. Аталған қосымша ресми түрде 2021 жылы іске қосылды. Қазіргі таңда Ozimкомандасында 10 шақты адам жұмыс істейді.

«Карантин аясында көпшіліктің қолында ноутбук пен компьютер жоқтығын байқадық. Сәйкесінше онлайн білім беруде қиыншылықтар болды. Осы жағдайды ескере отырып, бәріне қол жетімді болсын деген ниетпен мобильді қосымшаны таңдадық. Платформаны жасамас бұрын ауқымды зерттеу жүргіздік. Ата-аналармен сөйлестік, статистикалық мәліметтерге сүйендік, дәрігер, педагог, психолог, заңгерлердің көмегіне жүгіндік. Зерттеуге Кембридж университетінің түлегі Камила Роллан, Назарбаев университетінің түлегі Дана Мамбеталина және Мария Ипполитова секілді осы мәселелерді көтеріп жүрген сарапшылар қатысты», - деп еске алады Әсем Тажиева.

OzimPlatform бірнеше бөлімнен тұрады. Онда дефектолог, логопед, реабилитолог секілді мамандардың денсаулықты жақсартуға арналған видео сабақтары бар. Сонымен қатар, заңгер маман мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақыға қалай өтініш жолдауға болатынын түсіндіріп береді. Қолданушылар, бұл платформа балаларды дамытуға негізделген қазақ тіліндегі сауатты қосымшаның бірі деп отыр.

Ерекше балалардың аналары кәсіп ашуды тегін үйренуде Ерекше балалардың аналары кәсіп ашуды тегін үйренуде

2023 жылы Алматыда басталған «Әйелдер – әйелдерге» әлеуметтік жобасы 22 ере... →

«Көпшіліктің түсінігінде – баланың еміне көп ақша жұмсаған сайын, ол тәуір болып кетеді деген пікір бар, бірақ бұл қате түсінік. Балаларға күнделікті әрі кешенді күтім қажет. Онда арнайы массаж немесе жаттығу жасаудан бастап, менталды жағынан түрлі тапсырма орындату да толыққанды ескерілуі тиіс», - дейді Әсем ханым.

OzimPlatform алғашында әлеуметтік жоба ретінде басталған. Қазір қоғамдық қор ретінде тіркеліп, өз жұмысын жалғастыруда. Бұл платформаға Қырғызстан мен Үндістаннан қызығушылық танытып, серіктестік орнатуға ұсыныстар түсіп жатыр. Әсем Тажиеваның айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік стартап жобаға инвестиция тарту оңай емес.

«Әлеуметтік стартап жасаған адам ретінде, маған инвестиция тарту қиынға соқты. Біздің нарықта инвесторлар коммерциялық стартаптарға көбірек сеніп, қаражат бөледі. Өкінішке қарай, «әлеуметтік стартап» десе, оған қайырымдылық деп қарайтындар бар. Біреудің қалтасына емес, қоғам мүддесіне жұмыс істейтін қаншама мықты жоба қолдау таппай отыр. Көбі қаражат мәселесіне келіп тіреледі. Әлбетте, инвестор салған ақшасын бірден қайтара алмауы мүмкін. Бірақ оның игілікті көмек-қолдауы ешқашан ұмытылмайды: коммерциялық жобаларға қарағанда әлеуметтік жобалардың ғұмыры ұзақ болады. Сәйкесінше тұрақты табыс әкеледі деген сөз. Мен бұны АҚШ-та жүргізілген зерттеуге сүйеніп, айтып отырмын. Биыл, шамам жеткенше, осы мәселені көтеруге мемлекеттік те, халықаралық та деңгейде күш салуды мақсат етіп отырмын», - дейді Әсем Тажиева.

Эльмира Обри, CEO Most business intelligence, Change manager professional Эльмира Обри, CEO Most business intelligence, Change manager professional Фото: жеке архивтен Most business intelligence компаниясының бас директоры Эльмира Обри – венчурлық инвестор. Оның айтуынша, әдетте әлеуметтік стартапшылардың біразы өз кәсібін түрлі қорлардың гранттарына, донаттардың қолдауына бастайды. Ал гранттан грантқа дейін өмір сүріп, қаржылық табыс пен тұрақтылыққа қол жеткізу біздің қоғамда оңай емес. Эльмира ханымның айтуынша, әлеуметтік жобаларды дамытуда импакт-инвестицияның маңызы өте зор.

«Импакт-инвестиция әлеуметтік және экологиялық мәселелерге ықпал етуге, сондай-ақ қаржылық пайда алуға бағытталған жылдам өсетін сала. Өкінішке қарай, бізде импакт инвесторлардың саны әзірше аз. Көп инвесторлар мұндай жобаларға сене бермейді. Бірақ бұл қате түсінік. Мұндай жобалардың қоғамға, білімге, азшыл топтарға ықпалы зор», - дейді Эльмира Обри.

Венчурлық инвестор ретінде Әльмира ханым әлеуметтік жобасын бастап жатқан кәсіркерлерге өз білімін шыңдап, нақты старатегиялық бағдарлама құруға және кәсібилігін арттыруға кеңес береді.

«Инвестор – ол донат та, меценат та емес. Ол белгілі бір әлеуметтік маңызы бар жобаның белгілі бір құндылықтарын қолдана алатын бизнесмен. Инвестор ретінде ол инвестициялық стратегиясы бар нақты кәсіпке қолдау көрсете алады, бірақ ол ақшаны сыйға не қайырымдылық ретінде бермейді. Біздің қоғам осыны шатастырмаса екен. Яғни, компанияның қандай түпкі мақсатты көздейтінін және қандай құндылықтарға қызмет ететінін түсіну қажет», - дейді ол.

Қазақстандық стартаптар: инженерлік модульдердің оркестрі Қазақстандық стартаптар: инженерлік модульдердің оркестрі Әлеуметтік венчурлық капитал (SVC – Social Venture Capital) біздің қолданысқа енді еніп жатқан ұғым: әлеуметтік немесе экологиялық мәселелердің инновациялық шешімдерімен жұмыс істейтін компанияларды инвестициялау деген мағынада. SVC әлі де болса жалпы венчурлық капитал нарығының салыстырмалы түрде шағын бір бөлігі ғана. Бірақ ептеп болса да дамып келеді: 2023 жылы әлем бойынша әлеуметтік жобаларға салынған инвестиция 17,8% қарқынмен өсіп (CAGR), шамамен 495,82 млрд АҚШ долларын құраған.

Әсем Тажиеваның айтуынша, «жердің қай түкпірінде болмасын кез келген адамның әмбебап білімге қолы жету керек» деген мақсатқа сүйенген Coursera алғашында білім саласындағы әлеуметтік стартап ретінде басталған. Ал 2021 жылы Nasdaq биржасында IPO өткізген табысты компаниялар қатарына кіріп, жаһандық танымал онлайн алаңға айналды. Демек, бұл – «әлеуметтік жоба ақша әкелмейді» деген таптаурынды бұзатын озық мысал.

Алия Сабитова, Clover Foundation ҚҚ және up&GO ерекше балаларға арналған орталықтың негізін қалаушы Алия Сабитова, Clover Foundation ҚҚ және up&GO ерекше балаларға арналған орталықтың негізін қалаушы Фото: жеке архивтен Clover Foundation қоғамдық қорының негізін қалаған Алия Сабитова, әлеуметтік жобаларға мән бермейтін қоғам теңсіздік, кедейшілік, денсаулықтың нашарлауы, экологиялық проблемалар сынды тәуекелдермен бетпе-бет келетінін ескертеді. Бұл әлеуметтік шиеленіске, экологиялық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін. Ал әлеуметтік стартаптар жоғарыдағы мәселелердің шешімін табуға көмектеседі.

«Алматы қаласында әлеуметтік кафе бар. Онда ерекше қажеттілігі бар жандар жұмыс істейді. Мұндай жандарды жұмысқа алу арқылы кафе бірнеше мәселені шешіп отыр: ерекше жандардың қоғамға бейімделуі, өзін өзгелермен тең сезінуі деген сияқты. Сонымен қатар, кафеге келушілер біздің қоғамда инклюзия мен эмпатияны арттыруға үлес қосуда. Бұдан өзге де мықты жобалар бар, тек біз оларды қолдап, инклюзивті қоғамды бірге құруымыз керек», - дейді Алия Сабитова.

Өз кезегінде, OzimPlatform жобасының авторы Әсем Тажиева биыл әлеуметтік жобаларды қолдау бағдарламаларын жүргізе отырып, инклюзивті қоғам құруға «бар күшімді жұмсаймын» деп отыр. Яғни, кезінде әлеуметтік стартап ретінде басталған Әсем ханымның идеясы бүгінде қоғам ішіндегі көптеген проблемаларды зерттеп, шешімін ұсынуға дайын. Осының өзі енді ғана кәсібін бастап, идеясын іске асырып жатқан әлеуметтік стартапшыларға «бәрі мүмкін» дегенді дәлелдеп берсе керек.



Поделиться:

Смотрите также:

Shell впервые поставила казахстанскую нефть по новому маршруту
10 месяцев назад
Shell впервые поставила казахстанскую нефть через польский порт в Гданьске для немецкого НПЗ Schwedt, передает агентство Kazinform со ссылкой на Nasdaq. 23 декабря в Гданьске компания Shell отгрузила около 80 000 тонн нефти KEBCO из российского черно...
Венгерская компания создаст в Казахстане три инвестфонда
1 год назад
Касым-Жомарт Токаев и Виктор Орбан провели в Астане брифинг для представителей СМИ. Глава государства рассказал об итогах переговоров с премьер-министром Виктором Орбаном, направленных на дальнейшее углубление стратегического партнерства, сообщает Ак...
Снизить ставку НДС до 10% предлагает нацпалата «Атамекен»
1 год назад
Национальная палата предпринимателей «Атамекен» предлагает снизить ставку НДС с 12 до 10%. Это позволит повысить собираемость налогов, снизит теневые потоки денежных средств, следовательно, ускорит рост экономики. В то время, как ее повышение, наобор...
Нефтяной рынок опасается новой волны COVID-19
3 года назад
ФОТО: © Depositphotos.com/alexeys Свой ежедневный обзор рынков и бирж представляет аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана Валютный рынок Во вторник нацвалюта продолжила демонстрировать невысокие изменения в паре с долларом СШ...
Рекордные доходы от экспорта утекают из Казахстана
2 года назад
Рекордные доходы от экспорта утекают из Казахстана ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 03 августа 2022 Профицит текущего счета в первом полугодии составил $6,6 млрд, а отток капи...
JPMorgan: В США возможна жёсткая рецессия
1 год назад
JPMorgan: В США возможна жёсткая рецессия ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 07 декабря 2022 Глава банка считает, что повышение Федрезервом ставки до 5% может оказаться недостат...
Сарапшы: Отандық ШОБ қазір өз күшіне ғана сенім артады
9 месяцев назад
Мұндай мәлімет 2023 жылдың желтоқсан айында ел үкіметінің ресми сайтында жария етілді. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, 2023 жылдың IV тоқсанында шағын кәсіпкерлік саласындағы отандық компаниялар тарапынан кадр жетіспеушілігі туралы жиі айтылғанымен...
Сможет ли китайский автопром захватить казахстанский рынок?
9 месяцев назад
В 2023 году казахстанцы приобрели 198,7 тыс. автомобилей, из которых почти 25% пришлось на бренды из КНР. В России ситуация с китайской экспансией выглядит более внушительно – из более чем 700 тысяч проданных новых автомобилей на долю брендов из КНР ...