Войти

ҚҚҚ: Қазақстандықтардың инвестициялауға деген ықыласы артып келеді

Олардың мәліметінше, былтыр KASE индексі 29%-ға, AIXQI индексі 30%-ға дейін өскен.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы ұсынған кезекті шолуда 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің қор нарығында қалыптасқан көрсеткіштер сарапқа салынған.

ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, былтыр жергілікті «көгілдір фишкалар» екі таңбалы өсімді көрсеткен, бірақ бұл қатарда KEGOK акциялары (-8%) жоқ. Электр желілерін басқарушы елміздегі бас компания көрсеткіштерінің бұлайша төмендеуін, сарапшылар, SPO (Secondary Public Offering) қатысушылары күткен нәтижелер мен үміттің шектен тыс жоғары болуымен түсіндіреді.

Қазақстандықтар ақшасын жинақтауға мән бере бастаған Қазақстандықтар ақшасын жинақтауға мән бере бастаған

2023 жылы Қазақстан халқының қаржылық сауаттылық индексі 40,5%-ды құрады. С... →

Ал «көгілдір фишкалар» құнының өсуіне қатысты, олар, бұл жағдай базалық мөлшерлемені төмендету кезеңі қарсаңында және корпоративтік пайда мен дивиденттер төлемі ұлғайып, тауар және шикізат нарықтарында жоғары бағалар қалыптасқан тұста орын алды деп көрсетеді.

Сарапшылар, 2023 жылы бөлшек инвесторлар базасы ұлғая түсті деп отыр, бұған банктер тарапынан өздерінің клиенттік базасын кеңейтуге белсене кірісуі және бірқатар компаниялардың өз портфельдерін қазақстандық юрисдикцияға ауыстырып, АХҚО-да редомициляция және листинг өткізгені ықпал етсе керек (Ozon, Polymetal, Fix Price, Окей Group, Dodo Pizza).

«Нәтижесінде еліміздегі бөлшек инвестшоттардың жалпы саны (1,7 млн омнибус шоттарын есепке алмағанда) 2,2 миллионнан асты, оның 70%-ы АІХ Орталық депозитариіне тиесілі (AIX CSD)», - деп көрсетеді ҚҚҚ сарапшылары өз шолуында.

Сондай-ақ, 2023 жылдың қорытындысы бойынша инвесткомпаниялар басқаруындағы активтердің жалпы көрсеткіші 263 млрд теңгеге (30,6%-ға) өсіп, 1,1 трлн теңгені құраған. Бұған қор нарығының қалыпқа келуі және қазақстандықтардың инвестициялауға деген зор ықыласы септік еткен. Сарапшылар, бұл көрсеткіштің өсу әлеуеті елеулі деп қосады: әзірше активтер жалпы ішкі өнімнің тек 1,1%-ын ғана құрайды.

ҚҚҚ: ақпанда 1 АҚШ доллары 457,4 теңге төңірегінде қалыптасуы мүмкін ҚҚҚ: ақпанда 1 АҚШ доллары 457,4 теңге төңірегінде қалыптасуы мүмкін

19 қаңтар, жұма күні Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы кезекті шешімін ... →

Айтпақшы, былтырғы жылдың соңында, яғни базалық мөлшерлемені төмендету кезеңі қарсаңында шетелдік инвесторлар ҚР Ұлттық Банкі ноталарынан түгел дерлік шығып кеткен болатын. ҚҚҚ сарапшыларының дерегінше, сол тұста салымдар 10 есеге жуық, атап айтқанда 10 млрд теңгеге дейін құлап түсті. Дегенмен, 2024 жылдың басында «кері динамика» байқалуда, деп отыр сарапшылар: ноталарға салынған инвестициялар 40 млрд теңгеге дейін, ал қаржы министрлігінің облигацияларына бағытталған салымдар 87 млрд теңгеге дейін өскен. Бұған, сірә, Федералдық резервтің мөлшерлемелерді төмендетуді көздейтін ұстанымы ықпал етсе керек.

Базалық мөлшерлемені төмендету кезеңі (биылғы тамыз) жария етілгенде, мемлекеттік бағалы қағаздардың қысқа мерзімге негізделген кірістілігі 50–190 тармаққа дейін, ұзақ мерзім бойынша – 30–60 тармаққа дейін құлап түсті, деп көрсетеді ҚҚҚ сарапшылары өз шолуында. Олардың пайымынша, қысқа мерзімге негізделген құлдырау әрі қарай жалғасуы мүмкін, өз кезегінде бұл оның қалыпты деңгейге қарай ығысып, түзелуіне ықпал етуі тиіс.

«Қаржы нарығындағы қатаң шарттарға қарамастан, бастапқы нарықта орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар (+2%) мен корпоративтік облигациялардың (+26%) ауқымы 2023 жылды өсіммен аяқтады», - деп қосады ҚҚҚ сарапшылары. Бұл, біріншіден, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін тиімді, екіншіден, өсім көрсеткіші квазимемлекеттік сектордың, микроқаржы ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктердің жекелеген өкілдерінің нарық ішіндегі жоғары белсенділігі аясында орын алды, деп түсіндіреді олар.

2023 жыл қорытындысы: қазақстандықтар инфляция мен аз табыстан қорқады 2023 жыл қорытындысы: қазақстандықтар инфляция мен аз табыстан қорқады

Азаматтардың үштен екісі ауқымды және шешуші өзгерістерді күтіп жүр →

Шолу соңында ҚҚҚ сарапшылары, еліміздің қор нарығы бүгінде экономика субъектілерінің бірқатарының капитал тартудағы қажеттіліктерін орындауға, тағы бірін – тиімді етіп орналастыруға дайын екенін алға тартып, өз дамуында отандық қор нарығы «сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін» баса айтады.

Олар, сондай-ақ, 2023 жылы жергілікті инвесторлар отандық қор нарығында да, шетелдік биржалардың біразында да өз инвестициясынан екі таңбалы кіріс алуы мүмкін еді, деп көрсетеді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайда салық салудың әділ жолын (салық салу базасы – барлық пайдалы және тиімсіз мәмілелер) жылдамдатып енгізуді қамтамасыз еткен өте маңызды, бұл ел азаматтарын өз кірісін декларациялап, өздерінің салық юрисдикциясында есепшот ашуға және пассивті табыс табуға ынталандыра түспек.

ҚҚҚ сарапшыларының пікірінше, қор нарығының тартымдылығын әрі қарай арттыруға, әділ салық салумен қатар, қор нарығындағы кәсіби ойыншыларды реттеу жолдарын либерализациялау және индекстік қорларды дамытып, танымал ету сынды шаралар да септік етуі ықтимал.




Поделиться:

Смотрите также:

На новости о выходе Анголы из ОПЕК нефть начала дешеветь
2 года назад
Ангола приняла решение о выходе из ОПЕК, об этом объявил министр минеральных ресурсов, нефти и газа страны Диамантино Азеведо, на которого ссылается Forbes. «Мы не хотим состоять в организациях, где должны молчать. Вместо этого мы хотим быть активным...
Как изменились за год доходы госбюджета Казахстана
5 месяцев назад
Доходы государственного бюджета Казахстана выросли более, чем на 3 трлн тенге в 2025 году, такие данные представили на коллегии Министерства финансов. На коллегии заместитель премьер-министра — минис...
Bloomberg назвал никель самым подешевевшим металлом за 2023 год
2 года назад
В 2023 году никель на Лондонской бирже металлов подешевел на 44,7%, что стало худшим результатом среди всех металлов и самым сильным падением с 2008 года, пишет Forbes со ссылкой на Bloomberg. Снижение стоимости происходит на фоне растущего предложен...
Как правительству РК справиться с бюджетным дефицитом и ростом госдолга
2 года назад
С 2022 по 2023 год (девять месяцев к девяти месяцам) прирост государственного долга составил 22%, или 5,3 трлн тенге, увеличив размер обязательств до 29,1 трлн тенге. Отношение госдолга к ВВП в относительном выражении не имеет существенных колебаний ...
Ставки сошлись: почему корпоративные облигации вновь становятся интересными
2 года назад
Логичность выпуска таких ГЦБ кроется в желании заемщика адекватно оценивать собственную премию за риск. Государственные займы считаются безрисковыми, и Минфин не хочет переплачивать рынку. В 2023 году курс Нацбанка на смягчение денежно-кредитной поли...
Рынки продолжили падение после публикации прогнозов ФРС США
3 года назад
Рынки продолжили падение после публикации прогнозов ФРС США ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 22 сентября 2022 Согласно прогнозу, в текущем году рост экономики США составит 0,2...
Казахстанский стартап вошёл в число лучших в акселерационной программе Hero Training в США
2 года назад
Казахстанский технологический стартап TrustMe был назван одним из лучших в акселерационной программе Hero Training, которая прошла в США в ноябре. Всего  программе участвовали 118 проектов из 35 стран, сообщили в TrustMe. Чтобы попасть в програм...
Банк ЦентрКредит предлагает участие в народном IPO «КазМунайГаз»
3 года назад
Банк ЦентрКредит предлагает участие в народном IPO «КазМунайГаз» ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 10 ноября 2022 В мобильном приложении BCC.KZ запущен сервис «Инвестиции» для ...