Войти

ҚҚҚ: ақпанда 1 АҚШ доллары 457,4 теңге төңірегінде қалыптасуы мүмкін

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы 2024 жылдың қаңтар айындағы жағдайға сай отандық қаржы нарығындағы көрсеткіштер бойынша кәсіби ойыншылардың пікірін жария етті.

ҚҚҚ зерттеуіне қатысқан нарық ішіндегі негізгі ойыншылар мен сарапшылар әдеттегідей Brent маркалы мұнайдың жаһандық бағасы және ел ішіндегі инфляция, ЖІӨ көрсеткіштері мен Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі туралы, сондай-ақ АҚШ долларының төл теңгемізге қатысты болжамды пікірлерін ортаға салған.

2023 жыл қорытындысы: қазақстандықтар инфляция мен аз табыстан қорқады 2023 жыл қорытындысы: қазақстандықтар инфляция мен аз табыстан қорқады

Азаматтардың үштен екісі ауқымды және шешуші өзгерістерді күтіп жүр →

Отандық қаржы нарығындағы сарапшы қауымның пікірін сарапқа салған ҚҚҚ мамандарының айтуынша, биыл Қазақстанда және еліміздің негізгі сауда серіктесі болып табылатын елдердің біразында инфляция қысымы тұрақты негізде төмендеп, осының аясында ақша-кредит саясатына қатысты жағдайды қалыпқа келтіру, реттеу шаралары әрі қарай жалғаса бермек.

ҚҚҚ шолуында айтылғандай, жұма, 19 қаңтарға белгіленген монетарлық саясат бойынша отырыста жария етілетін базалық мөлшерлемеге қатысты шешімнің төмендеуін күткен сарапшылардың үлесі 2023 жылдың желтоқсанындағы 76%-дан, ағымдағы қаңтарда 94%-ға дейін ұлғайып өскен. Өсім көрсеткіші базалық мөлшерлеменің ықтималды төмендеуіне қатысты да байқалған: 15,25 –15,5%-дан 15,0–15,5%-ға дейін.

Және де олардың пікірінше, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені алдағы он екі айдың ішінде шешімді түрде төмендетуге баруы мүмкін. Осы арада айта кетсек, 2023 жылы базалық мөлшерлеменің төмендеуі 100 базалық тармақты (б.т.) құрады. Отандық сарапшы қауымның болжамынша, бір жылда базалық мөлшерлеменің мәні 11,25%-ды құрауы мүмкін (-450 б.т.), ал бір жылдағы инфляция болжамын олар 9,7% деңгейінде белгілеп көрсеткен (бұған дейінгі болжам 10,6% шамасында болатын).

2024 жылы базалық мөлшерлеме әлі де төмендей ме? 2024 жылы базалық мөлшерлеме әлі де төмендей ме?

2024 жылдың басында базалық мөлшерлеме әрі қарай төмендейді, деп күтеді ота... →

Сонымен қатар, ҚҚҚ сарапшылары, биыл ел экономикасы әрі қарай өсіп, ұлғаяды деген сенімде: олардың жалпы ішкі өнім бойынша болжамдары өткен желтоқсан айындағы 4,0%-дан 4,1%-ға дейін өзгерген. Бұған, сарапшы қауымның айтуынша, елдегі қаржылық жағдайдың жақсаруы мен инфрақұрылымдық ірі жобалардың жүзеге асуы және бюджеттік ынталандыру мен энергоресурстар бағасының қымбаттауы септік етпек.

Айтпақшы, қаржы нарығындағы ойыншылардың мұнай бағасына қатысты пайым-болжамдары ағымдағы көрсеткіштен біршама жоғары: $85 vs $78. Бұл, сірә, ОПЕК+ елдері тарапынан мұнай өндіру қарқынына әрі қарай түзету енгізу туралы шешімі мен пайыздық мөлшерлемелердің жаһандық тұрғыда төмендеуіне қатысты болса керек.

Ал валюта нарығына қатысты болжамдарында, ел ішіндегі сарапшы қауым «қысқа мерзімді перспективада сұраныс пен ұсыныс арасында баланс сақталады» деген пікірге тоқталған. Олардың болжамынша, 2024 жылдың ақпан айының басында USD/KZT бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 457,4 теңге деңгейінде қалыптаспақ. Осы арада айта кетсек, ақпанда 2023 жылы жиналған салық төлемдерінің ірі ауқымы нарыққа елеулі қолдау көрсете бастауы тиіс.

Бірақ олар өз болжамдарында USD/KZT жұбы алдағы жылы екпіндеп өсуі ықтимал деген жорамалдан да бас тартпайды. Сарапшы қауымның пайымынша, бір жылдан кейін 1АҚШ доллары 481,1 теңге төңірегінде қалыптасуы ықтимал. Олардың пікірінше, бұған теңге түріндегі активтер тартымдылығының төмендеуі (пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі аясында), импорт ауқымының өсуі (инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында), сыртқы қарыздарды өтеуде жасалатын ірі көлемдегі төлемдер (2024–2025 жылдары қаржы министрлігінің еурооблигациялары бойынша төлемдер жасалуы тиіс) септік етуі мүмкін.

Сол сияқты, қазақстандық сарапшылар, алдағы он екі айда ресейлік рубльдің АҚШ доллары алдындағы жағдайы 6,5%-ға әлсіреп, 1 АҚШ долларының бағамы 95,2 рубль төңірегінде қалыптасады деп есептейді (ағымдағы бағам 89,3 рубль төңірегінде).



Поделиться:

Смотрите также:

Курс тенге снизился вслед за нефтью
4 года назад
Курс тенге снизился вслед за нефтью ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 26 ноября 2021 Казахстанская валюта понижается в паре с долларом США в финале недели на бирже KASE ...
Котировки нефти снижаются из-за нового штамма Covid-19
5 лет назад
ФОТО: © Depositphotos.com/VERSUSstudio Свой ежедневный обзор рынков и бирж представляет аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана Валютный рынок Амплитуда изменений пары USDKZT носит невысокий характер, находясь под влияние...
Аэропорт в Аркалыке и ТЭЦ в Кокшетау: Токаев принял акимов двух областей
1 год назад
В понедельник, 18 августа пресс-служба Акорды сообщила о двух встречах Касым-Жомарта Токаева с акимами областей. Автомобили и дороги Аким Костанайской области Кумар Аксакалов рассказал президенту о реализ...
Акции Tesla обновили исторический максимум
4 года назад
ФОТО: pixabay.com Стоимость акций производителя электрокаров Tesla в ходе торгов в пятницу обновила исторический максимум, пишет Forbes.ru.  На пике их стоимость впервые (с учетом проведенного в 2020 году сплита) достигла $910. Это на 1,8% больше...
Қазақстандықтар өз өмірін және денсаулығын сақтандыруға мән бере бастаған
2 года назад
Бұл жайында өз шолуында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы мәлім етті. Негізгі тенденциялар Сарапшы қауымның айтуынша, 2023 жылы өмірді сақтандыру нарығында барлық негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары өрлеу анық байқалған, ...
Глава Минторговли РК: У экспортеров есть что везти, но не на чем
2 года назад
Экспорт готовой аграрной продукции в Казахстане не соответствует возможностям производителей. Для улучшения ситуации необходимо решить сложности с транспортировкой грузов, пишет ElDala со ссылкой на пресс-службу Министерства торговли и интеграции. «У...
Tesla будет выпускать в Германии электромобили за €25 000
2 года назад
 
Павел Дуров открыл ИИ-лабораторию в Казахстане
1 год назад
Основатель Telegram и «ВКонтакте» Павел Дуров объявил об открытии ИИ-лаборатории в Казахстане на форуме Digital Bridge 2025. Об этом 2 октября 2025 года сообщила Акорда. В сообщении приводится цитата IT-п...
➤