Войти

SMG ұлттық брендінің негізін қалаушы: Етікші болу ұялатын кәсіп емес

Самғау Нәсіпқанұлы – елдегі отандық өнім индустриясын дамытуға үлес қосып отырған етікші дизайнер әрі кәсіпкер. Аяқ киім тігіп келе жатқанына 12 жылдан асқан. Алғашында Шығыс Қазақстан облысында қарапайым қолөнерші ретінде бастаған ол, 2014 жылы Астанаға көшіп, өндіріс цехы мен аяқ киім сататын дүкен ашқан. Нақты бизнес саласына келгелі үш жылдай болған.

«Шеберлігімді жетілдіріп, қазақстандық аяқ киімнің санын көбейту мақсатында өндіріске қадам бастым. SMG ұлттық аяқ киім брендінің негізін қаладым. Қазір командамда 13 адам жұмыс істейді», - деп әңгімелейді өз кәсібі туралы Самғау мырза.

Балаларға арналған бейнеконтентті кімдер жасайды? Балаларға арналған бейнеконтентті кімдер жасайды?

Осыдан он жыл бұрын қазақ бүлдіршіндері тек Balapan телеарнасын білетін, ал... →

SMG брендінің қазақстандық басқа да өнімдерден басты ерекшелігі – ұлттық қолөнер мен ою-өрнектерді заманға лайықтап, ұсыну. Отандық өнім, оның ішінде ұлттық статусты да қосып отыр. Былайша айтқанда, Самғау мырза өзі дизайнер, өзі кәсіпкер, өзі компанияның атқарушы директоры.

«Аяқ киімнің дизайнын өзім сызамын. Етікке ою жабыстырып қою әдемі деген сөз емес. Минимализмді сақтай отырып, өнімді барынша ұтымды етіп беруге тырысамын. Табанында немесе негізгі бөлігінде ұлттық оюымыздың элеметтерін қолданамын. Сатып алушылар да ұлттық оюы бар етіктерге қызығушылық білдіріп жатады», - дейді ол.

Самғау Нәсіпқанұлы өз бизнесінде кластерлік даму моделін қолданады, яғни отандық шикізатты пайдаланып, дайын өнім жасап шығарады.

«Етік тігу ата-бабамнан келе жатқан кәсіп. Бала кезден көріп өскендіктен, ойланбастан осы өнермен айналыстым. Шыны керек, мен бұл салаға қолөнер арқылы келдім. Бизнестің көзқарасымен қарасам, бастамайтын ба едім. Бірақ біртіндеп бизнес саласы бойынша да білімімді жетілдірдім. Сөйтіп, кластерлік даму моделін жолға қойдық. Бірақ бізде кластерлік даму қиынға соғады. Себебі елімізде аяқ киімге қажет қарапайым табан шығаратын цех та жоқ», - дейді Самғау мырза.

SMG өнімі SMG өнімі Соған қарамастан SMG компаниясы қалған шикізатты отандық өндірістерден алады. Мысалы, Екібастұз қаласындағы КазЛидермех, Семейдегі «Семей тері», Шымкенттегі «Тұран тері», Ақсеңгірдегі «Алматы тері» зауыттарынан шыққан тері мен мехты қолданады.

«Өзбекстанда теріні сыртқа шығаруға тыйым салынған. Нәтижесінде көршілеріміз тері өндіріп, өңдеуде алдыңға орында, аяқ киім шығарудан да прогресс бар. Бізге де мемлекет тарапынан отандық өнімді қолдауға негізделген бірқатар шара қажет. Мысалы, бір сиырдың терісін 15–20 долларға шетелге шиккізат күйінде сатып жіберуге болады. Ал егер сол тері өз елімізде қалса, біреуінен кем дегенде 10 жұп аяқ киім тігеміз. Есептей беріңіз, бір етіктің орташа бағасы 40–45 мың теңге. Шикізат дайын өнімге айналып, қанша табыс өзімізде қалады. Егер шикізат жеткілікті болса, теріден қаншама дүние жасауға мүмкіндік бар. Мысалы, кәсіби доп, бас киім, тон, белдік секілді бір терінің өзінен бірнеше зат шығара аламыз. Отандық өндірістің бет алысы осындай болуы керек деп ойлаймын», - дейді Самғау мырза.

Алмас Чукин: Қазақстан көрпесіне қарай көсілуді үйрене ме? Алмас Чукин: Қазақстан көрпесіне қарай көсілуді үйрене ме?

Кәсіпкермен үкімет жариялаған экономикалық реформалардың жағдайы және геоса... →

SMG компаниясы күніне 40 жұп аяқ киім шығарады. Оны әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, инстаграмда, фейсбукта өз белсенділіктерін де көрсетіп отырады.

«Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалансақ, жер шарының арғы бетіне де өз өнімімізді таныстыра беруге болады. 2014 жылдан бастап жеке парақшама өзім жасаған әр өнімді тоқтаусыз сала беретінмін. Бірақ ол кезде арнайы мамандардың қызметін қолданған жоқпын. Ал соңғы жылдары сапалы контент шығаруға мән бергенді жөн көрдім. Командамда әлеуметтік желіге, маркетингке жауап беретін кәсіби қызметкерлер бар. Бизнес форумдарға қатысып, кітап оқып, білімімді шыңдауға да тырысамын. Бұның барлығы біздің компанияны әрі қарай дамытып, біздің өнімді әлемдік деңгейге шығару үшін білімге жасалып жатқан инвестиция деп есептеймін», - дейді компания басшысы.

SMG компаниясын басқалардан ерекшелеп тұратын тағы бір фишкасы – жастар арасында қарапайым еңбек адамының даму жолын, имиджін қалыптастыру. Самғау Нәсіпқанұлының айтуынша, бұл нарықта қазір сапалы қолөнер шеберлері аз, жастар жағы етікші болуға арланады.

SMG өнімі SMG өнімі «Командама сапалы шебер таппай қиналамын. Көпшілік жұрт «жұмыс жоқ» деп мұң шағады. Ал «мынаны істе» деп алдына барсаң, тұра қашады. Меніңше, бұның басты себебі – еңбек адамының жұмысы қазір дұрыс насихатталмайды, дұрыс бағаланбайды. Біздің елде «етікшімін» десең көпшілік мұрнын шүйіріп қарайды. Ал, айталық, Швейцарияда сағат шығаратын, аяқ киім тігетін қолөнершілердің статусы депутаттардан да жоғары тұр. Етік тігу – бұл ұялатын нәрсе емес, керісінше қолынан осындай өнер келетініне мақтанышпен қарау керек», - дейді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, бүгінде ел аузында да, әлеуметтік желіде де блогерлердің, жұлдыздардың өмірі мінсіз көрсетіліп, олар жұртты оңай ақша табуға шақырып жатады, содан да қазір жастар өз қолымен дүние жасап, еңбектенуге аса қызықпайды.

SMG өнімі SMG өнімі «Әрине мен өзгелердің еңбегін құнсыздандырып отырған жоқпын. Бірақ жарқырағанның бәрі алтын емес, осыны түсінетін кез келді. Еңбексіз, маңдай терсіз табысқа жету мүмкін емес. Біздің әрі қарай дамуымызға әсер ететін ең басты нәрсе – отандық өндірісті дамыту. Біз маңайдағы көршілерімізбен білім, ғылым, өндіріс, кәсіп жағынан жарысуымыз керек. Ол үшін, жоғарыда айтып өткенімдей, еңбек адамының иимджі дұрыс насихатталуы шарт. Мысалы, Түркияда Мүсірет өзінің мейрамханасын кретивті жолдар арқылы әлемге жарнамалай алды. Соған қарап, көпшіліктің көкейінде тамақ жасап та, қасапшы болып та өз брендін қалыстастыруға болады екен деген сенім қалыптасты. Дәл осындай креативті жолдарды қолданып, мен де еңбек адамының жетістікке жете алатынын көрсеткім келеді. Жұрттың бәрі әнші, биші, спортшы бола бермейді, соны түсінгендер өз икемі келетін кәсіппен айналысып, өміріне мән-мағына бере алса екен деген тілегім бар», - дейді SMG компаниясының негізін қалаған кәсіпкер.

Tartu – көшпенділердің дәстүрімен жасалған таңсық ас Tartu – көшпенділердің дәстүрімен жасалған таңсық ас Самғау мырза өзі тіккен аяқ киімдер шетелдік сапалы өнімдерден еш қалыспайды деп отыр: «керісінше, артықшылығы жағынан қарасақ, халыққа бағасын қолжетімді етіп ұсынуға тырысамыз».

«Ұлттық өнім деген статус біздің сапалы жұмыс жасауымызға тікелей әсер етеді. Біз де болашақта Түркия, Италияның аяқ киімдері қатарында «Қазақстандікі» деген өнімнің жарқырап тұрғанын қалаймыз. Ол үшін сапалы шикізат қолдануға тырысамыз. Мысалы, базардағы 80% өнімге синтетика қосады. Олар аяқты терлетіп, жағымсыз иіс шығарады. Ал біз тек таза табиғи былғарыны қолданамыз. Аяқ киім шығарудағы тағы бір басты қателік – табандары суық күнге шыдамай, ортасынан айырылып кетеді. Біз өз өнімімізді сапалы етіп шығару үшін Италия,Түркия, Өзбекстан, Ресейден мықты әрі жеңіл табандарды алғызамыз. Әрине, кемшіліктер де жоқ емес, бар. Көбінесе бізде өндірілетін терілердің тұзы мен майын дұрыс шығармай жатады. Бірақ бұрынғымен салыстырғанда біртіндеп оңалып келе жатыр», - деп түсіндіреді Самғау Нәсіпқанұлы.

SMG өнімі SMG өнімі Айта кету керек, SMG ұлттық аяқ киім бренді мемлекеттен ешқандай қолдау алып көрмеген. Қазіргі таңда өздері жасаған өнімдерінің ақшасына қызметкерлердің жалақысын төлеп, материалдарын алып, өндіріс цехын жаңа жабдықтармен қамтамасыз етуде.

«Мемлекет тарапынан, көп жағдайда, жаңадан аяққа тұрып келе жатқан кәсіпке грант ұтып алуға болады. Шыны керек, үкімет беретін 4–5 млн теңгені біз өзіміздің ақша айналымымызбен-ақ тауып отырмыз. Тек біз ғана емес, елімізде әлемдік деңгейге сұранып тұрған компаниялар жеткілікті. Осындай кезде билік тарапынан отандық өнімнің дамуына арналған нақты стратегиялық қадамдар мен қолдаулар қажет. Сонда ғана ішкі өндірісіміз дамып, алға жылжи аламыз», - дейді кәсіпкер.

Өз бизнесін жүргізу мақсатында Самғау мырза әртүрлі инвесторлар тартып та көрген. Бірақ нәтижесінде бұл қадам екі тарап үшін де тиімсіз болып шыққан. Оның пікірінше, бұның басты себебі – қоғамда сапалы, білімді инвесторлар саны аздау болса керек. Әйтсе де ол, креативті бизнесті қолдаймын деушілерге есігіміз ашық деп отыр.

SMG өнімі SMG өнімі SMG ұлттық бренді ұсынған аяқ киімдерді қарапайым халықпен қатар, бизнесмен Марғұлан Сейсембай, әлемдік деңгейдегі әншіміз Димаш Құдайберген де сатып алған.

«Біздің барша тұтынушыларымызға алғыс айтқым келеді. Олар біздің өнімдерді тек сатып алып қана қоймай, жылы лебіздері мен тілектерін де білдіріп жатады. Мысалы, қарапайым көпбалалы отбасы алты баласына бірдей бізден қыстық етік алып, қуана киіп жүр. Әлеуметтік желіде де біздің видеоларымызды таратып, қолдап жатқандар бар. Сол кісілерге ризамыз, олар бізге әрдайым күш-қуат береді. Әрине, өз өніміміздің сапасын арттыру мақсатында біз де қолдан келгеннің бәрін ескереміз», - дейді SMG компаниясының атқарушы директоры. 

Бүгінгі таңда он үш адамды жұмыспен қамтып отырған Самғау Нәсіпқанұлы 2024 жылы цех жұмысын кеңейтіп, 30–40 адамды жұмысқа тартуды көздеп отыр. Биылғы жылға белгіленген жоспардың бірі – әлеуметтік желі арқылы челлендж видео жариялап, ақша айналымынан бөлек 50 млн теңге қаражат жинап, тігін станоктарын жаңарту дегенге саяды.

Фотосуреттер кейіпкердің жеке архивінен өз рұқсатымен алынған




Поделиться:

Смотрите также:

В Казахстане запатентовали адайскую лошадь в виде национального бренда
1 год назад
29 декабря Министерство юстиции РК запатентовало шесть новых пород адайской ​лошади как новый национальный бренд. Об этом сообщил официальный представитель министерства Талгат Уали. «28 декабря 20234 года Национальный институт интеллектуальной собств...
Lexus Kazakhstan представил премиальный минивэн LM на теннисном турнире Astana Open 2023
1 год назад
На правах рекламы Lexus Kazakhstan представил премиальный минивэн LM на теннисном турнире Astana Open 2023 Экономика и бизнес Авто 31 октября 2023 ...
Отандық сарапшылар базалық мөлшерлеме 15%-ға дейін төмендейді деп күтеді
1 год назад
Олар, сондай-ақ, бұл тұрғыда Ұлттық қордан шетел валютасын сату да теңгені қолдаушы тетіктің бірі болуы тиіс, деп отыр. Әдеттегідей нарық ішіндегі ойыншылардың қаржы нарығына қатысты кезекті пікір-болжамдарын ортаға салған Қазақстан қаржыгерлері қауы...
«Газпром энергохолдинг» хочет продать угольную компанию в Казахстане
9 месяцев назад
Компании «Центрэнергохолдинг» и ОГК-2, которые входят в состав российской компании «Газпром энергохолдинг», объявили о проведении совместного тендера на продажу 100% акций казахстанского ТОО «Ангренсор Trading...
Крепкий рубль и низкий потребительский спрос замедляют инфляцию в РФ
3 года назад
Крепкий рубль и низкий потребительский спрос замедляют инфляцию в РФ ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 09 июня 2022 Рынок ожидает от Банка России снижения базовой ставки до 9,5...
Два новых нефтеналивных танкера приписали к порту Актау
1 год назад
26 ноября состоялась торжественная церемония приписки танкеров Taraz и Liwa к порту Актау. Нефтеналивные танкеры приобрели в рамках сотрудничества между АО НК «КазМунайГаз» и Abu Dhabi Ports Group (ADP). Владелец новых танкеров дедвейтом 8000 тонн — ...
Эксперты ожидают сохранения ключевой ставки РФ
2 года назад
Эксперты ожидают сохранения ключевой ставки РФ ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 27 октября 2022 Локальный цикл снижения ключевой ставки в РФ, вероятно, пройден ...
Мария Баландина: ТМТМ однозначно станет трендом 2024 года
1 год назад
Мария, каким был 2023 год для отрасли? Какие были вызовы, какие проблемы? Как развивалась в этих условиях ваша компания? - 2023 год был для нашей отрасли стремительным и динамичным, особенно учитывая, что наша компания - молодая и быстро развивающаяс...