Войти

NEET санатындағы жастар индустриалды өңірлерде де кездеседі

Өндіріс орындарына бай Қарағанды өңірінде жұмыссыз жастардың көбеюіне не себеп? Forbes.kz тілшісі осы сұрақтың жауабын іздеген болатын.

Дерек көзі: ҚР СЖРА ҰСБ

Ұлттық статистика бюросының соңғы үш жылдағы деректеріне сүйенсек, Қарағанды облысындағы жастар саны 250 мыңға жетер-жетпес. Ал олардың ішінде NEET жастарының орташа көрсеткіші 25 мыңға жуық. Демек, еліміздің ең индустриалды дейтін өңіріндегі жастардың 10%-ы екі қолға бір күрек таппай жүр.

Дерек көзі: Қарағанды обл. жастар саясаты жөніндегі басқарма

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының дерегі бойынша, NEET жастарын қолдау аясында бөлінген әр грантқа 101 адам таласады екен.

Жасұлан Хамитов Жасұлан Хамитов «Жастар саясаты басқармасы үшін NEET жастарының мәселесі қашанда өзекті. Қарағанды облысы бойынша NEET жастарының санын азайту мақсатында бірнеше бағытта жұмыс жүргізілуде. Мысалы, дәстүрлі түрде жастардың бизнес идеясын қолдауға Қарағанды облысының әкімі және әр ауданның әкімдері бөлетін гранттар бар. Одан бөлек жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс істейді», - дейді  Қарағанды облысы жастар саясатын салааралық үйлестіру және дамыту бөлімінің бас маманы Жасұлан Хамитов.

Айта кетейік, «Жасыл ел» – жұмыссыз жастардың санын азайтуға арналған бағдарлама. Тек жазда ғана іске қосылатын жобамен 2022 жылы Қарағанды облысы бойынша 1757 адам маусымдық жұмысқа тартылған. Бұл тұрғыда облыс бюджетінен 54,7 млн теңге бөлінген. Осы соманы жан басына шаққанда 31 133 теңгеден келеді. Олай болса, еңбек ақысы ең төменгі жалақыдан да аз, маусымдық негіздегі бұл бағдарлама NEET жастарының санын азайту үшін шынында да тиімді ме?..

22 жастағы Гүлмира Төрежанова Қарағанды медицина университетінде жалпы практикадағы дәрігер мамандығы бойынша 4 курста оқиды. 2022 жылы Қарағанды облысы әкімінің грантын ұтып алған. Қазір өзінің «Даму мед» медициналық оқыту орталығы бар. 

Гүлмира Төрежанова Гүлмира Төрежанова «Біздің жобамыздың басты ерекшелігі – Қарағанды облысы тұрғындары арасында алғашқы медициналық көмекті үйрету. Медицинада «Алтын уақыт» деген ұғым бар: науқастанып қалған адамға бір сағаттың ішінде дұрыс көмек көрсетілетін болса, өлімнен аман сақтап қалуға болады. Ауылдық жерлерде жедел жәрдем бірден келе қоймайды не ұялы байланыс ұстамай қалуы мүмкін. Осы сынды төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмектің маңызы өте зор. Қазір бес адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Үш жүзге жуық адамды оқытып шықтық. Инстаграм парақшамызға басқа қалалардан да тұрғындар жазып, өздерінде де осындай орталық ашуды сұрап жатады. Болашақта жоба ауқымын кеңейтіп, клиникалық деңгейге жеткізгіміз келеді», - дейді жас маман.

Ал 27 жастағы Шыңғыс Қадырбаев Қарағанды облысы, Нұра кентінде тұрады. Букетов университетінде (Karaganda Buketov University) программист мамандығын игерген. Бірақ дипломы бойынша жұмыс істемесе де, ол 2021 жылы облыс әкімінің 2 млн теңгелік грантын ұтып алған.

Шыңғыс Қадырбаев Шыңғыс Қадырбаев «Сабын өндірісімен айналысып жатқаныма бір жылдан асты. Әкімнің грант беретінін әлеуметтік желіден көріп, бірден қатыстым. Қаражатты бизнесімді кеңейту мақсатында алдым. Станоктарды жаңартып, құрал-сайман алып, цехтың ауқымын кеңейттім. Қазір менен бөлек екі адам жұмыс істейді. Біздің сабынның ерекшелігі – бірінші сорттағы, химиялық қоспасыз, таза өнім. Айына 4–7 тонна арасында сабын шығарамыз. Қазір Ақмола, Қарағанды облысына және Астана қаласына тасымалдаймыз. Болашақта барлық Қазақстанды қамту ойымызда бар», - дейді жас кәсіпкер.

NEET жастары арасында колледж бітіргендер бар Бес жылдан аса NEET жастары жайлы зерттеу жүргізіп жүрген сарапшы, Назарбаев университеті, жоғары білім беру мектебінің 4-ші курс доктаранты Динара Алимханова, елдегі NEET жастарына қатысты мәселеде, оларды анықтап, сипаттау тұрғысында біржақты шешімге келу керек деп отыр.

«Біріншіден, статистика бюросы NEET санатына зейнетақы қоры жиналмаған жастарды қосады. Ал жастардың арасында жалданып жұмыс істейтіндер бар. Олар жұмыс берушімен келісімшартқа отырмайды, сәйкесінше зейнетақы қоры жиналмайды. Заңсыз жұмыс істеу жастардың өмірі үшін қауіпті: мемлекеттік сақтандыру бағдарламаларына қатыспауы салдарында, ертеңгі күні қара жұмыс істеп жүріп, жазатайым оқиғаға тап болған адам үшін жұмыс берушіге жауапкершілік жүктелмеуі мүмкін. 

Динара Алимханова Динара Алимханова Екіншіден, айталық, Қарағанды қаласының маңайында ірілі-ұсақты ауылдар бар. Сол ауылдардан қалаға жүретін қоғамдық көліктер жоқтың қасы. Бар болған күннің өзінде қатынау жиілігі төмен. Мысалы, ауылда мектеп бітірген қыз бала қалаға оқуға түсейін десе, жатақханада орын жоқ. Өз ауылынан қалаға қатынап жұмыс істейін десе, адам толы автобуста жүрегі қысылып талып қалады. Амалсыздан ол өз ауылында, жұмыссыз отыр», - деп мысал келтіреді сарапшы. 

Оның айтуынша, Қазақстандағы NEET жастары өз ішінде бірнеше санатқа бөлінеді.

«Байқасаңыздар, NEET қатарына жатқызылатын жастардың ішінде 25–29 жастағылар көп. Себебі осы жас аралығында әйелдердің туу көрсеткіші жоғары, яғни NEET жастарының жартысынан көбі әйелдер. Ал олар бала күтіміне, үй шаруасына байланысты жұмыс істемейді», - деп есептейді Динара Алимханова.

Сарапшы маман, сонымен қатар, NEET санатына жатқызылатын қазақстандық жастардың бәрі-дерлік білімсіз деген пікірмен келіспейді.

«NEET жастарының білім деңгейіне қарасақ, олардың ішінде колледж бітірген түлектердің үлесі басым. Демек, колледждегі білім сапасының төмендігі, квалификацияның ескіруі, студенттің өзіне ұнамайтын мамандық бойынша оқуы немесе алаңсыз білім алуына жағдайдың жоқтығы секілді факторлар әсер етеді. Бұл өз алдына үлкен проблема.

Дерек көзі: ҚР СЖРА ҰСБ

Әрине, барлығын қамтыдым деп айта алмаймын. Мүмкін, мен көрмеген, естімеген себептері де бар шығар. Бұл санатты әлі де зерттеу үстіндемін. Дамыған мемлекеттерде NEET жастарының менталды саулығынан бастап, психологиялық көңіл күйіне дейін бақылауда ұсталады. Ал біз секілді дамушы мемлекеттер NEET ұғымын енді ғана енгізіп, жаңадан статистика жинақтап жатыр. Болашақта мемлекет тарапынан осы проблеманы шешетін, ұзақ перспективаға негізделген бағдарламалар ұсынылады деп сенеміз», - дейді Динара Алимханова.

 

Дерек көзі: ҚР СЖРА ҰСБ

Инфографикаларды Datawrapper платформасында автор өзі жасаған

Фотосуреттер кейіпкерлердің жеке архивінен өз рұқсаттарымен алынған

Поделиться:

Смотрите также:

Air Astana определилась с предварительным ценовым диапазоном бумаг на IPO
2 года назад
Air Astana объявила ценовой диапазон планируемого предложения глобальных депозитарных расписок (ГДР) и акций в рамках предстоящего IPO компании. Документ опубликован в понедельник, 29 января. Ориентировочный ценовой диапазон предложения – от $8,5 до ...
Российский «ВкусВилл» выкупил сеть семейных ресторанов «АндерСон»
2 года назад
Российский продуктовый ретейлер «ВкусВилл» приобрел сеть семейных ресторанов «АндерСон». Сделка по покупке бренда и его основных активов завершена 16 ноября. Об этом говорится в пресс-релизе «ВкусВилла», опубликованном в понедельник, 20 ноября. Сумма...
Каждый пятый казахстанец владеет легковым авто
2 года назад
К декабрю 2023 года в Казахстане насчитывалось 5,3 млн автотранспортных средств — на 19,5% больше, чем годом ранее. В их числе было 4,6 млн легковых автомобилей (плюс 19,7%), 518,9 тыс. грузовых авто (плюс 16,6%) и 110,4 тыс. автобусов (плюс 22,1%). ...
Главы МИД РК и китайской госкомпании обсудили логистический хаб на Хоргосе
9 месяцев назад
Во время рабочей поездки в область Жетысу заместитель премьер-министра — министр иностранных дел Казахстана Мурат Нуртлеу провел двусторонние встречи с руководством ведущих китайских корпораций — China Minmetals Corporation и CIT...
Как инвестировать, когда растут процентные ставки?
3 года назад
Как инвестировать, когда растут процентные ставки? ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 14 декабря 2022 Инфляция продолжает бросать вызов экономике. В связи с этим мировые централ...
Вьетнамская компания может купить пакет акций Qazaq Air
2 года назад
Министр транспорта РК Марат Карабаев 20 ноября в ходе пресс-конференции в Астане объявил, что власти Казахстана рассматривают вопрос продажи пакета акций авиакомпании Qazaq Air вьетнамскому холдингу Sovico Group. По словам министра, детальные перегов...
Ракишев купил долю в нефтяной компании
2 года назад
АО «Fincraft Resources», подконтрольное предпринимателю Кенесу Ракишеву, стало обладать 50-процентной долей ТОО «Nomad west oil». Об этом говорится в сообщении компании, опубликованном 5 января. Изменение в доле владения произошло 29 декабря 2023 год...
Как парфюмер из Тараза создает ароматы, которые нравятся казахстанцам
2 года назад
30-летний предприниматель, участник рейтинга «30 до 30» Forbes Kazakhstan 2023 года Нурсултан Муратбеков производит парфюмерную продукцию в Казахстане с 2021 года. Свой бренд Parfum de Vie он продвигает с помощью коллабораций с местными знаменитостям...